iPhone құрылғысын компьютеріңізбен синхрондау
iCloud қызметін фотосуреттеріңізді, файлдарыңызды, күнтізбеңізді және т.б. Apple ID идентификаторыңызбен кірген барлық құрылғыларыңызда автоматты түрде жаңартылған күйде сақтау үшін пайдалануыңызға болады. (Керек десеңіз, Windows компьютерін iCloud деректеріңізге iCloud.com торабында қатынау үшін пайдалануыңызға болады.) Apple Music сияқты басқа қызметтер құрылғыларыңыздың барлығындағы қосымша мазмұнға қатынауыңызға мүмкіндік береді. iCloud және Apple Music сияқты қызметтерде ешқандай синхрондау қажет емес.
iCloud қызметін немесе басқа қызметтерді пайдаланғыңыз келмесе, келесі элементтерді синхрондау үшін iPhone құрылғысын Mac немесе Windows компьютеріңізге қосуыңызға болады:
Альбомдар, әндер, ойнату тізімдері, фильмдер, телешоулар, подкастілер, кітаптар мен аудиокітаптар
Фотосуреттер мен бейнелер
Контактілер мен күнтізбелер
Синхрондау арқылы осы элементтерді компьютеріңіз бен iPhone құрылғыңыздың арасында жаңа күйде сақтай аласыз.
Ескертпе: iCloud қызметін немесе Apple Music сияқты басқа қызметтерді пайдалансаңыз, компьютеріңізбен синхрондау параметрлері қолжетімді болмауы мүмкін.
Mac компьютеріңіз бен iPhone құрылғыңыздың арасында синхрондауды орнату
Mac компьютеріңіздегі Finder бүйірлік жолағында iPhone құрылғыңызды таңдаңыз.
Ескертпе: Мазмұнды синхрондау мақсатында Finder қолданбасын пайдалану үшін macOS 10.15 немесе одан кейінгі жүйе керек. macOS жүйесінің бұрынғы нұсқаларында iTunes қолданбасын Mac компьютеріңізді синхрондау үшін пайдаланыңыз.
Терезенің жоғарғы жағында синхрондағыңыз келетін мазмұн түрін басыңыз (мысалы, Movies немесе Books).
Ескертпе: Files параметрін пайдалану туралы ақпаратты Файлдарды iPhone құрылғысы мен компьютеріңіз арасында тасымалдау бөлімінен қараңыз.
«Sync [content type] onto [device name]» параметрін таңдаңыз.
Әдепкі бойынша, мазмұн түрінің барлық элементтері синхрондалады, бірақ таңдалған музыка, фильмдер, кітаптар немесе күнтізбелер сияқты жеке элементтерді синхрондауды таңдауыңызға болады.
3 және 4-қадамдарды синхрондағыңыз келетін мазмұнның әрбір түрі үшін қайталаңыз, одан кейін Apply түймесін басыңыз.
Mac компьютеріңіз iPhone құрылғыңызға оларды қосқан кезде синхрондалады.
Синхрондау параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін iPhone құрылғыңызды Finder бүйірлік жолағынан таңдаңыз, одан кейін терезенің жоғарғы жағындағы параметрлерден таңдаңыз.
iPhone құрылғыңызды Mac компьютеріңізден ажыратпастан бұрын Finder бүйірлік жолағындағы Eject түймесін басыңыз.
macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Мазмұнды Mac компьютеріңіз бен iPhone немесе iPad құрылғыңыздың арасында синхрондау бөлімін қараңыз.
Windows компьютеріңіз бен iPhone құрылғыңыздың арасында синхрондауды орнату
Компьютеріңізде iTunes қолданбасының ең соңғы нұсқасын орнатыңыз немесе жаңартыңыз.
iTunes қолданбасының ең соңғы нұсқасына жаңарту атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Компьютеріңіздегі iTunes қолданбасында iTunes терезесінің жоғарғы сол жағына жақын iPhone түймесін басыңыз.
Сол жақтағы бүйірлік жолақтан синхрондағыңыз келетін мазмұн түртін таңдаңыз (мысалы, Movies немесе Books).
Ескертпе: File Sharing параметрін пайдалану туралы ақпаратты Файлдарды iPhone құрылғысы мен компьютеріңіз арасында тасымалдау бөлімінен қараңыз.
Элементтің сол түрі үшін синхрондауды қосу үшін Sync параметрін таңдаңыз.
Әдепкі бойынша, мазмұн түрінің барлық элементтері синхрондалады, бірақ таңдалған музыка, фильмдер, кітаптар немесе күнтізбелер сияқты жеке элементтерді синхрондауды таңдауыңызға болады.
3 және 4-қадамдарды iPhone құрылғыңызға қосқыңыз келетін мазмұнның әрбір түрі үшін қайталаңыз, одан кейін Apply түймесін басыңыз.
Әдепкі бойынша, Windows компьютеріңіз iPhone құрылғыңызға оларды қосқан кезде синхрондалады. iTunes қолданбасына синхрондамастан бұрын сізден сұратқызуыңызға болады және ешқашан синхрондағыңыз келмейтін кейбір элементтер болса, оларды синхрондалудан сақтауыңызға болады. Windows жүйесіне арналған iTunes қолданбасының пайдаланушы нұсқаулығында Компьютердегі iTunes мазмұнын құрылғыларыңызбен синхрондау бөлімін қараңыз.
Wi-Fi syncing параметрін қосу
Компьютеріңіз бен iPhone арасында синхрондауды орнатқаннан кейін келесі әрекетті орындаңыз:
Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Mac компьютеріңіздегі Finder бүйірлік жолағында: iPhone құрылғыңызды таңдаңыз, терезенің жоғарғы жағындағы General түймесін басыңыз, одан кейін «Show this [device] when on Wi-Fi» параметрін таңдаңыз.
Wi-Fi syncing параметрін қосу мақсатында Finder қолданбасын пайдалану үшін macOS 10.15 немесе одан кейінгі жүйе керек. macOS жүйесінің бұрынғы нұсқаларында iTunes қолданбасын Wi-Fi syncing параметрін қосу үшін пайдаланыңыз.
Windows компьютеріндегі iTunes қолданбасында: iTunes терезесінің жоғарғы сол жағына жақын тұрған iPhone түймесін басыңыз, Summary түймесін басыңыз, одан кейін «Sync with this [device] over Wi-Fi» параметрін таңдаңыз (Options терезесінде).
Apply түймесін басыңыз.
Әдепкі бойынша, iPhone құрылғысы қуат көзіне қосылғанда және Wi-Fi желісі арқылы Mac компьютеріңізге немесе Windows компьютеріңіздегі iTunes қолданбасына қосылғанда, компьютер таңдалған мазмұныңызды iPhone құрылғысына синхрондайды.
macOS жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығындағы Мазмұнды Mac компьютеріңіз бен iPhone немесе iPad құрылғыңыз арасында Wi-Fi желісі арқылы синхрондау бөлімін немесе Windows жүйесіне арналған iTunes қолданбасының пайдаланушы нұсқаулығында Компьютердегі iTunes мазмұнын құрылғылармен Wi-Fi желісінде синхрондау бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Синхрондалған элементті компьютеріңізден жойсаңыз, элемент iPhone құрылғыңыздан да келесіде синхрондаған кезіңізде жойылады.