iPhone құрылғысында музыканы алу
iPhone құрылғысында сақталған музыканы, сонымен қатар интернетте ағынмен жіберілген музыканы тыңдау үшін Music қолданбасын пайдаланыңыз. Қосымша Apple Music жазылымымен миллиондаған жарнамасыз әндерді тыңдай аласыз және достарыңызбен бірге музыканы таба аласыз.
ЕСКЕРТУ: Есту қабілетінен айырылуды болдырмау туралы маңызды ақпарат алу үшін iPhone құрылғысының маңызды қауіпсіздік ақпараты бөлімін қараңыз.
Музыканы iPhone құрылғысында келесі жолдармен ойнатыңыз:
Apple Music жазылушысы болу: Жазылыммен және Wi-Fi желісімен немесе ұялы қосылыммен музыканы Apple Music каталогынан және iTunes кітабыңыздан қажетінше ағынмен жіберіңіз. Әндерді, альбомдарды және ойнату тізімдерін жүктеп алуыңызға және музыканы достарыңызбен бөлісуіңізге болады. iPhone құрылғысындағы Apple Music қызметіне жазылу бөлімін қараңыз.
Ескертпе: Музыканы ағынмен жіберу үшін Wi-Fi немесе ұялы желі қосылымы қажет. Қызметтер мен мүмкіндіктер барлық аймақтарда қолжетімді бола бермеуі мүмкін және мүмкіндіктер аймақ бойынша өзгеруі мүмкін. Ұялы қосылымды пайдалану кезінде қосымша ақылар алынуы мүмкін.
Family Sharing мүшелігіне қатысу: Apple Music Family мүшелігін сатып алыңыз, сонда Family Sharing тобындағы барлық адам Apple Music қолданбасын пайдалана алады. Ортақ Apple Music жанұя мүшелігін пайдалану бөлімін қараңыз.
Музыканы iTunes Store дүкенінен сатып алу: iPhone құрылғысындағы iTunes Store дүкенінде музыканы, фильмдерді, телешоуларды және т.б. алу бөлімін қараңыз.
Компьютерде iTunes ойнатқышымен музыканы үндестіру: Компьютеріңізде iTunes ойнатқышын пайдаланып iPhone құрылғысын үндестіру бөлімін қараңыз.
Beats 1 радиосын тыңдау: Beats 1 — Apple Music қызметінде тікелей таратылатын дүниежүзілік радио станция. Beats 1 радиосын тыңдау үшін ешқандай жазылым керек емес.