iPhone құрылғысында ұялы қызметті орнату
iPhone құрылғыңыздағы ұялы желі қосылымы оператордан SIM картасын талап етеді; ұялы желі жоспарын орнату үшін операторыңызға хабарласыңыз.
iPhone X және оған дейінгі үлгілер nano-SIM картасын пайдаланатын бір ұялы желі жоспарын қолдайды.
iPhone XS, iPhone XS Max, және iPhone XR құрылғылары nano-SIM және eSIM карталарын пайдаланатын Dual SIM технологиясын қолдайды; (барлық аймақтарда қолжетімді бола бермейді; iOS 12.1 немесе одан кейінгі).
Dual SIM технологиясын пайдалануыңызға болатын көптеген жолдардың кейбірі мінекей:
Бір нөмірді бизнес үшін, ал екіншісін жеке қоңыраулар үшін пайдаланыңыз.
Басқа аймаққа саяхаттаған кезіңізде жергілікті деректер жоспарын қосыңыз.
Бөлек дауыс және деректер жоспарларын иеленіңіз.
Ескертпе: Екі түрлі операторды пайдалану үшін iPhone құрылғыңыз блокталмаған болуы тиіс.
nano-SIM картасын орнату
Қағаз қысқышын немесе SIM картасын шығару құралын SIM науасының кішкентай тесігіне кіргізіңіз, одан кейін науаны шығару үшін iPhone құрылғысына қарай итеріңіз.
Ескертпе: SIM науасының кескіні мен бағдары iPhone үлгісіне және аймағыңызға байланысты болады.
Науаны iPhone құрылғысынан шығарыңыз.
nano-SIM картасын науаға салыңыз. Бұрышталған бұрышы дұрыс бағытты анықтайды.
Науаны iPhone құрылғысына қайта салыңыз.
Егер бұрын nano-SIM картасында PIN кодын орнатқан болсаңыз, сұралған кезде PIN кодын абайлап енгізіңіз.
ЕСКЕРТУ: SIM PIN кодын табуға ешқашан әрекет етпеңіз. Қате табу SIM картаңызды түбегейлі құлыптауы мүмкін және жаңа SIM картасын алмайынша телефон қоңырауларын шала алмайсыз немесе байланыс операторыңыз арқылы ұялы деректерді пайдалана алмайсыз. iPhone немесе iPad құрылғыңыз үшін SIM PIN кодын пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Маңызды: GSM желілеріне және кейбір CDMA желілеріне қосылу кезінде ұялы қызметтерді пайдалану үшін nano-SIM картасы керек болуы мүмкін. CDMA сымсыз желісінде белсендірілген iPhone құрылғысы негізінен халықаралық роуминг үшін GSM желісіне қосылу үшін nano-SIM картасын да пайдалана алады. iPhone құрылғыңыз кез келген қажетті ең аз қызмет келісім-шартының қорытындысынан дейін де қызмет провайдерлері мен роумингті ауыстыру бойынша шектеулерді қамтуы мүмкін сымсыз қызмет провайдерінің саясаттарына бағынады. Қосымша мәліметтер алу үшін сымсыз қызмет провайдеріңізге хабарласыңыз. Ұялы мүмкіндіктердің қолжетімділігі сымсыз желіге, iPhone үлгісіне және орныңызға байланысты болады.
eSIM картасымен ұялы желі жоспарыңызды орнату
eSIM картасын қолдайтын үлгілерде операторыңыз берген eSIM картасы iPhone құрылғысында сандық түрде сақталады.
Settings > Cellular тармағына өтіңіз, одан кейін Add Cellular Plan түймесін түртіңіз.
iPhone құрылғысын операторыңыз берген QR коды жақтауда пайда болатындай етіп орналастырыңыз немесе мәліметтерді қолмен енгізіңіз. Операторыңыз берген растау кодын енгізуіңіз сұралуы мүмкін.
Add Cellular Plan түймесін түртіңіз.
Жаңа жоспар екінші желіңіз болса, жоспарлардың бірге жұмыс істеу жолын орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сонымен қатар, ұялы желі жоспарыңызды операторыңыздың қолданбасы (қолдау көрсетілсе) арқылы белсендіруіңізге болады. App Store дүкеніне өтіңіз, оператордың қолданбасын жүктеп алыңыз, одан кейін ұялы желі жоспарын сатып алу үшін қолданбаны пайдаланыңыз.
iPhone құрылғыңызда бірнеше eSIM картасын сақтауыңызға болады, бірақ бір уақытта тек бір eSIM картасын пайдалана аласыз. eSIM карталарын ауыстыру үшін Settings > Cellular тармағына өтіңіз, пайдаланғыңыз келетін жоспарды түртіңіз, одан кейін Turn On This Line түймесін түртіңіз.
nano-SIM картаңыз болса, оны екінші желіңіз ретінде пайдалануыңызға болады. eSIM картасымен Dual SIM технологиясын пайдалану атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Ұялы желі жоспарларын басқару
Dual SIM технологиясы бар үлгілерде iPhone құрылғысының әрбір желіні пайдалану жолын таңдауыңызға болады (iOS 12.1 немесе одан кейінгі).
Settings > Cellular тармағына өтіңіз, одан кейін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Cellular Data түймесін түртіңіз, одан кейін желіні таңдаңыз.
Ұялы деректер үшін тек бір желіні таңдай аласыз; iPhone құрылғысы Wi-Fi желісінде емес кезіңізде ұялы деректерді талап ететін кез келген әрекет үшін таңдалған желіні пайдаланады. Data Roaming параметрі қосулы болса және операторыңыздың желісі қамтитын аймақтан тыс жерде болсаңыз, роуминг ақыларын төлеуіңіз мүмкін.
Default Voice Line түймесін түртіңіз, одан кейін желіні таңдаңыз.
Cellular Plans түймесінің төменгі жағында желіні түртіңіз, одан кейін Cellular Plan Label, Wi-Fi Calling, Calls on Other Devices немесе SIM PIN сияқты параметрлерді өзгертіңіз. Жапсырма Phone, Messages және Contacts қолданбаларында пайда болады.
iMessage және FaceTime үшін телефон нөмірін тіркеу үшін Settings > Messages > iMessage & FaceTime Line тармағына өтіңіз.
iMessage және FaceTime үшін телефон нөмірлеріңіздің тек біреуін тіркей аласыз. Басқа нөміріңіз iMessage қолданбасын пайдаланып хабарлар жібере немесе қабылдай алмайды, не болмаса FaceTime қоңырауларын шала немесе қабылдай алмайды. Тіркеген телефон нөміріңізге қарамастан iMessage және FaceTime қолданбалары Wi-Fi желісінде емес кезіңізде деректерді ұялы деректер желісінде тасымалдайды; ұялы желі ақылары алынуы мүмкін.
Ескертпе: Dual SIM технологиясын пайдалану кезінде келесілерді ескеріңіз:
Телефон қоңырауында кезіңізде басқа желіңіздегі барлық кіріс қоңыраулары (соның ішінде төтенше жағдай қызметтерінен қоңыраулар) тікелей дауыстық поштаға өтеді (операторыңыздан қолжетімді болса); өткізілген қоңырау хабарландыруларын алмайсыз.
Желі бос емес кезде немесе жұмыс істемеген жағдайда шартты қоңырауды қайта бағыттауды (операторыңыздан қолжетімді болса) бір желіден басқасына орнатсаңыз, қоңыраулар дауыстық поштаға өтпейді; орнату ақпараты үшін операторыңызға хабарласыңыз.
Қоңырауды күту мүмкіндігі тек бірдей желідегі кіріс қоңыраулары үшін жұмыс істейді.
Телефон қоңырауын басқа құрылғыдан оны Dual SIM технологиясы бар iPhone құрылғыңыз арқылы беру арқылы шалсаңыз, қоңырау әдепкі дауыстық желіңізді пайдаланып жасалады.
SMS/MMS Messages сөйлесуін бір желіні пайдаланып бастасаңыз, сөйлесуді басқа желіге ауыстыра алмайсыз; сөйлесуді жоюыңыз керек және жаңа сөйлесуді басқа желіні пайдаланып бастауыңыз керек. Сондай-ақ, қосымша ақыларды SMS/MMS тіркемелерін ұялы деректер желіңізде емес желіде жіберген жағдайда төлеуіңіз мүмкін.
Instant HotSpot және Personal Hotspot режимдері ұялы деректер үшін таңдалған желіні пайдаланады.
Ұялы желі ақыларын азайтатын параметрлерді таңдаңыз, әсіресе iPhone құрылғыңызбен саяхаттағанда.
Ұялы деректер қолданысыңызды басқару туралы ақпаратты iPhone құрылғысындағы ұялы желі параметрлерін қарау немесе өзгерту бөлімінен қараңыз.
Кейбір байланыс операторлары басқа байланыс операторларымен пайдалану үшін iPhone құрылғыңыздың құлпын ашуыңызға мүмкіндік береді (қосымша ақылар алынуы мүмкін). Рұқсат алу және орнату ақпараты үшін байланыс операторыңызға хабарласыңыз. Басқа оператормен пайдалану үшін iPhone құрылғысының құлпын ашу жолы атты Apple Support мақаласын қараңыз.