Мүмкіндіктерге iPhone Lock экранынан қатынау
Ағымдағы уақыт пен күнді және ең соңғы хабарландыруларды көрсететін Lock экраны iPhone құрылғысы қосылғанда немесе оятылғанда пайда болады. Lock screen экранынан хабарландыруларды қарауыңызға, Camera қолданбасы мен Control терезесін ашуыңызға, таңдаулы қолданбаларыңыздан бір қарағаннан ақпарат алуыңызға және т.б. әрекеттерді орындауыңызға болады.

Мүмкіндіктер мен ақпаратқа Lock экранынан қатынау
iPhone құрылғысы құлыптаулы кезде де ең қажетті мүмкіндіктер мен ақпаратқа Lock экранынан жылдам қатынай аласыз. Lock экранынан келесі әрекеттердің кез келгенін орындай аласыз:
Camera қолданбасын ашу: Солға сипаңыз. (iPhone құрылғысындағы камерамен фотосуреттер түсіру бөлімін қараңыз.)
Control Center терезесін ашу: Жоғарғы оң жақ бұрыштан төменге қарай сипаңыз (iPhone X және одан кейінгі) немесе экранның төменгі шетінен жоғарыға қарай сипаңыз (басқа үлгілер). (iPhone құрылғысында Control Center терезесін пайдалану және теңшеу бөлімін қараңыз.)
Бұрынғы хабарландыруларды қарау: Ортадан жоғарыға қарай сипаңыз. (iPhone құрылғысында хабарландыруларды қарау және оларға жауап беру бөлімін қараңыз.)
Today көрінісін қарау: Оңа сипаңыз. (iPhone құрылғысында Today View көрінісін қарау және ұйымдастыру бөлімін қараңыз.)
Lock экранынан қатынай алатын нәрселеріңізді таңдау үшін iPhone құлыптаулы кезде элементтерге қатынасты өзгерту бөлімін қараңыз.
Хабарландырулардың алдын ала қарау көріністерін Lock экранында көрсету
Settings
> Notifications тармағына өтіңіз.
Show Previews тармағына өтіңіз, одан кейін Always түймесін түртіңіз.
Хабарландырудың алдын ала қарау көріністері Messages қолданбасынан мәтінді, Mail хабарларынан жолдарды және Calendar шақырулары туралы мәліметтерді қамтиды. iPhone құрылғысында хабарландыруларды қарау және оларға жауап беру бөлімін қараңыз.