iPhone құрылғысында қолданбаларыңызды қалталарға ұйымдастыру
Қолданбаларыңызды «Басты бет» экраны беттеріңізде табуды оңайлату үшін оларды қалталарға ұйымдастыруыңызға болады.
Қалталар жасау
«Басты бет» экраны өңін қолданбалар дірілдей бастағанша басып тұрыңыз.
Қалта жасау үшін бір қолданбаны басқасына сүйреңіз.
Басқа қолданбаларды қалтаға сүйреңіз.
Бір қалтада қолданбалардың бірнеше беттері болуы мүмкін.
Қалта атауын өзгерту үшін оны басып тұрыңыз, «Атауын өзгерту» түймесін түртіңіз, одан кейін жаңа атауды енгізіңіз.
Қолданбалар дірілдей бастаса, «Басты бет» экраны өңін түртіңіз және әрекетті қайталаңыз.
Аяқтаған кезде «Дайын» түймесін түртіңіз, одан кейін «Басты бет» экраны өңін екі рет түртіңіз.
Қалтаны жою үшін оны ашу мақсатында қалтаны түртіңіз, одан кейін барлық қолданбаларды одан сыртқа сүйреңіз. Қалта автоматты түрде жойылады.
Ескертпе: «Басты бет» экранында қолданбаларыңызды ұйымдастыру Қолданбалар каталогі терезесіндегі қолданбалардың ұйымдастырылуына әсер етпейді.
Қолданбаны қалтадан «Басты бет» экранына жылжыту
Қолданбаны табу мен ашуды оңайлату үшін оны қалтадан «Басты бет» экранына жылжытуыңызға болады.
Қолданбаны қамтитын қалта бар «Басты бет» экраны бетіне өтіңіз, одан кейін ашу үшін қалтаны түртіңіз.
Қолданбаны қолданбалар дірілдей бастағанша басып тұрыңыз.
Қолданбаны қалтадан «Басты бет» экранына сүйреңіз.