iPhone құрылғысындағы Wallet қолданбасында COVID-19 вакцинациясының карталарын пайдалану
Тексерілетін COVID-19 вакцинация жазбасын (белгілі бір елдер мен аймақтарда қолжетімді) «Денсаулық» қолданбасына қоссаңыз, вакцинация картасын Wallet қолданбасында
жылдам көрсете аласыз.
Вакцинация картаңызды Wallet қолданбасына қосу
Келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Қатысушы медициналық қызмет жеткізушісінен немесе органнан тексерілетін COVID-19 вакцинация жазбасын жүктеп алыңыз, одан кейін «Wallet және «Денсаулық» қолданбасына қосу» түймесін түртіңіз.
«Денсаулық» қолданбасында қолдау көрсетілген медициналық қызмет жеткізушісінен немесе органнан тексерілетін COVID-19 вакцинация жазбасын жүктеп алып қойған болсаңыз, жазбаны түртіңіз, одан кейін «Wallet қолданбасына қосу» түймесін түртіңіз.
Ескертпе: iPhone құрылғыңызға жұпталған Apple Watch құрылғыңыз болса, вакцинация картасы Apple Watch құрылғысына (watchOS 8 және одан кейінгі) да қосылады және сонда қолжетімді болады. Apple Watch құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығындағы Apple Watch құрылғысындағы Wallet қолданбасында вакцинация карталарын пайдалану бөлімін қараңыз.
Вакцинация картасын көрсету
Бүйірлік түймені екі рет басыңыз (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) немесе «Басты бет» түймесін екі рет басыңыз (басқа iPhone үлгілерінде).
Wallet жинағында вакцинация картасын түртіңіз. Сұралған жағдайда, Face ID, Touch ID немесе құпия кодыңыз арқылы түпнұсқалықты растаңыз.
Ескертпе: Вакцинация картаңызда туған күніңіз сияқты құпия ақпарат болуы мүмкін. Картаңызда сақталған ақпаратты қарап шығу үшін
түймесін түртіңіз.
QR кодын оқу құралына көрсетіңіз. Сізден көлік жүргізу куәлігі сияқты фотосурет идентификаторыңызды көрсету арқылы жеке басыңызды растау сұралуы мүмкін.
Вакцинация картасын басқару немесе жою
Вакцинация картасын түртіңіз, түймесін түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Иммундау мәліметтерін қарау: Ақпаратты «Денсаулық» қолданбасында
көру үшін «Ашу» түймесін түртіңіз.
Картаны жою: «Картаны жою» түймесін түртіңіз.
Ескертпе: Вакцинация картаңызды Wallet әмиянынан жою сәйкес вакцинация жазбасын «Денсаулық» қолданбасынан жоймайды. Дегенмен, iPhone құрылғыңызға жұпталған Apple Watch құрылғыңыз болса, вакцинация картасы Apple Watch құрылғысынан жойылады.