iPhone құрылғысында Суреттер мен бейнелер үшін VoiceOver мүмкіндігін пайдалану
Экранды көре алмасаңыз да, «Камера» және «Фотолар»
қолданбаларын VoiceOver мүмкіндігімен пайдалануыңызға болады. VoiceOver сурет сипаттамаларын бере алады.
«Камера» қолданбасында фотосуреттер мен бейнелерді түсіру
«Камера» қолданбасын пайдаланған кезіңізде, VoiceOver көріністапқыштағы нысандарды сипаттайды.
Фотосурет түсіру немесе бейне жазуды бастау, уақытша тоқтату немесе жалғастыру үшін экранды екі саусақпен екі рет түртіңіз.
Суреттерді шолу
«Кескіндерді қарау» мүмкіндігін пайдаланғанда, VoiceOver мүмкіндігі сізге суреттердің ішіндегі адамдар, нысандар, мәтін және кестелер туралы айтады. Сіз түбіртектер мен тамақтану белгілерін логикалық тәртіпте шарлауыңызға немесе басқа объектілерге қатысты адамның орнын білу үшін саусағыңызды фотосуреттің үстіне жылжытуыңызға болады.
«Реттеулер»
> «Қолжетімділік» > VoiceOver > «VoiceOver тану» тармағына өтіңіз, одан кейін «Кескін сипаттамалары» параметрін қосыңыз.
«Фотолар» немесе Safari сияқты қолданбада суретті таңдаңыз.
Көбірек параметрлерді есту үшін жоғары сипаңыз, одан кейін «Explore image features» параметрі естілген кезде екі рет түртіңіз.
Әрбір нысанның орнын табу үшін саусағыңызды суреттің айналасында жылжытыңыз.
«Белгілеу» құралдар тақтасымен өзгертпелі сурет сипаттамаларын қосуыңызға болады.
Ескертпе: Кейбір тілдерде қолжетімді емес. VoiceOver үшін сурет сипаттамалары бөлімін қараңыз.
«Фотолар» қолданбасында бейнелерді кесу
Кескіңіз келетін бейнені таңдаңыз, одан кейін екі рет түртіңіз.
«Өңдеу» параметрін таңдаңыз, одан кейін екі рет түртіңіз.
«Бастау» немесе «Аяқтау» параметрін (құрал скруббері сияқты) таңдаңыз, одан кейін басталу немесе аяқталу уақытын реттеу үшін жоғары немесе төмен сипаңыз.
Аяқтаған кезде «Дайын» параметрін таңдаңыз, одан кейін екі рет түртіңіз.