iPhone камераңызбен селфи түсіру
«Камера» қолданбасын Фото режимінде және «Портрет» режимінде (iPhone X және одан кейінгі үлгілерде) сельфи түсіру немесе «Видео» режимінде жазу үшін пайдаланыңыз.
Камера режимдері туралы мәліметтер алу үшін Камера режимдері арасында ауысу бөлімін қараңыз.
«Камера» қолданбасын ашыңыз.
Алдыңғы камераға ауысу үшін
немесе
түймесін (үлгіге байланысты) түртіңіз.
iPhone құрылғыңызды алдыңызда ұстаңыз.
Кеңес: iPhone 11 үлгілерінде, iPhone 12 үлгілерінде, iPhone 13 үлгілерінде және iPhone 14 үлгілерінде көрініс өрісін үлкейту үшін жақтаудың ішіндегі көрсеткілерді түртіңіз.
Сурет түсіру немесе жазуды бастау үшін «Ысырма» түймесін түртіңіз немесе дыбыс деңгейі түймесінің біреуін басыңыз.
Түсірілімді алдыңғы камера кадрында көрген кезіңізде, оны кері айналдырмастан түсіретін селфи түсіру үшін «Реттеулер» > «Камера» тармағына өтіңіз, одан кейін «Айна түріндегі алдыңғы камера» параметрін (iPhone XS, iPhone XR және одан кейінгі үлгілерде) немесе «Алдыңғы камерамен айна түрінде суретке түсіру» параметрін (iPhone X және оған дейінгі) қосыңыз.