iPhone құрылғысында қалаусыз қоңыраулардың алдын алу
Белгілі бір адамдарды блоктау және белгісіз және спам қоңырау шалушыларды тікелей дауыстық поштаға жіберу арқылы қалаусыз қоңыраулардың алдын алуыңызға болады.
Белгілі бір адамдардан дауыстық қоңырауларды, FaceTime қоңырауларын және хабарларды блоктау
«Телефон» қолданбасында келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз.
«Таңдаулылар», «Соңғылар» немесе «Дауыстық пошта» түймесін түртіңіз. Блоктағыңыз келетін нөмірдің немесе контактінің жанындағы
түймесін түртіңіз, төмен жылжыңыз, одан кейін «Абонентті блоктау» түймесін түртіңіз.
«Контактілер» түймесін түртіңіз, блоктағыңыз келетін контактіні түртіңіз, төмен жылжыңыз, одан кейін «Абонентті блоктау» түймесін түртіңіз.
Блокталған контактілеріңізді басқару
«Реттеулер»
> «Телефон» > «Блокталған контактілер» тармағына өтіңіз.
«Өңдеу» түймесін түртіңіз.
Белгісіз және спам қоңырау шалушыларды дауыстық поштаға жіберу
«Реттеулер» > «Телефон» тармағына өтіңіз, одан кейін келесі параметрлердің кез келгенін түртіңіз:
Белгісіз қоңырау дыбысын өшіру: Контактілеріңіздегі адамдардан, соңғы шығыс қоңырауларынан және «Siri ұсыныстары» функциясынан қоңыраулар үшін хабарландырулар аласыз.
Қоңырауларды блоктау және сәйкестендіру: Операторыңыз потенциалды спам немесе алаяқтық деп анықталған қоңыраулар дыбысын өшіру үшін «Спам қоңыраулардың дыбысын өшіру» параметрін қосыңыз (белгілі бір операторларда қолжетімді).