iPhone құрылғысында «Виртуалды контроллер» параметрін орнату және қосу
Виртуалды контроллерді орнату үшін бір немесе бірнеше қосқышты жалғап, қосуыңыз, одан кейін әрбір қосқышқа әрекет тағайындауыңыз керек. Сканерлеу стилін таңдап, қажеттіліктеріңізге сәйкестендіру үшін басқа параметрлерді дәл реттеуіңізге болады. «Виртуалды контроллер» параметрін қосқаннан кейін тағайындалған әрекеттерді өзгерткіңіз келуі немесе параметрлерді қайта реттегіңіз келуі мүмкін. Осы қадамдарды орындауда қиындықтар туындаса, жақын жердегі Apple Store дүкенінен жеке көмек ала аласыз.
1-қадам: Сыртқы қосқышты қосу (міндетті емес)
Виртуалды контроллер үшін бейімделетін қосалқы құралды, джойстикті, ойын контроллерін немесе MFi құрылғысын пайдаланғыңыз келсе, алдымен өндірушінің нұсқауларын орындау арқылы оны iPhone құрылғысына қосуыңыз керек. Қосқыш Bluetooth арқылы қосылса, оны iPhone құрылғысымен жұптауыңыз керек.
Қосқышты қосыңыз.
«Реттеулер»
> Bluetooth тармағына өтіңіз, қосқыш атауын түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
2-қадам: Қосқыштар қосу және әрекеттер тағайындау
Тек бір қосқышты пайдалана аласыз немесе әртүрлі әрекеттерді орналастыру үшін бірнеше қосқышты пайдалана аласыз. Әрбір қосқыш элементті таңдау немесе курсорды келесі элементке жылжыту сияқты тағайындалған әрекетті орындайды.
«Реттеулер»
> «Қолжетімділік» > «Виртуалды контроллер» > «Ауыстырып-қосқыштар» тармағына өтіңіз.
«Жаңа қосқыш қосу» түймесін түртіңіз, одан кейін «Сыртқы», «Экран», «Камера», «Артқа түрту» немесе «Дыбыс» опциясын таңдаңыз.
Сыртқы қосқышты қосуға әрекет етсеңіз, бірақ ол тізімде көрсетілмесе, оның 1-қадамда жоғарыда сипатталғандай iPhone құрылғыңызға қосылғанын тексеріңіз: Сыртқы қосқышты қосу (міндетті емес).
Қосқышқа әрекет тағайындаңыз.
Қосқыштың әрекеті сізде бар қосқыштар санына және 3-қадамда таңдаған сканерлеу стиліңізге байланысты болады: 3-қадам: Сканерлеу стилін таңдауТөмендегі сканерлеу стилін таңдаңыз. Қай әрекетті тағайындау керектігін білмесеңіз, Автоматты сканерлеу стилімен (әдепкі сканерлеу стилі) үйлесімді «Элементті таңдау» пәрменін таңдаңыз. Тағайындалған әрекетті өзгерту үшін бұл параметрге кейінірек оралуыңызға болады.
3-қадам: Сканерлеу стилін таңдау
Әдепкі бойынша, көрсетілген ұзақтықтан кейін курсор бір элементтен келесіге автоматты түрде ауысады. Егер курсорды қолмен жылжытуды қаласаңыз, басқа сканерлеу стилін таңдауыңызға болады.
«Реттеулер» > «Қолжетімділік» > «Виртуалды контроллер» > «Сканерлеу стилі» тармағына өтіңіз, одан кейін келесі параметрлердің біреуін таңдаңыз:
Автоматты түрде сканерлеу: Курсор көрсетілген ұзақтықтан кейін келесі элементке жылжиды. Бұл — әдепкі сканерлеу стилі.
Автоматты түрде сканерлеу мүмкіндігін бір қсоқышпен пайдалансаңыз, «Элементті таңдау» әрекетінің қосқышқа тағайындалғанын тексеріңіз.
Қолмен сканерлеу: «Келесі элементке өту» қосқышын белсендірген кезде, курсор келесі элементке жылжиды.
Қолмен сканерлеу үшін кемінде екі қосқыш қажет. «Келесі элементке өту» әрекетінің бір қосқышқа тағайындалғанын, ал «Элементті таңдау» әрекетінің басқа қосқышқа тағайындалғанын тексеріңіз.
Қадамдық сканерлеу: «Келесі элементке өту» қосқышын белсендірген кезде, курсор келесі элементке жылжиды; көрсетілген ұзақтық ішінде ешқандай әрекет орындалмаса, ағымдағы элемент автоматты түрде таңдалады.
Бұл сканерлеу стилі тек бір қосқышты талап етеді. «Келесі элементке өту» әрекетінің қосқышқа тағайындалғанын тексеріңіз.
4-қадам: Виртуалды контроллер параметрлерін дәл орнату
Нақты қажеттіліктеріңіз бен мәнеріңізге сай келу үшін «Виртуалды контроллер» әрекетін түрлі жолдармен реттей аласыз. Мысалы, сканерлеу жылдамдығын өзгертуіңізге немесе iPhone құрылғыңызға бөлектелген элементтерді айтқызуыңызға болады.
«Реттеулер» > «Қолжетімділік» > «Виртуалды контроллер» тармағына өтіңіз, одан кейін келесі параметрлердің кез келгенін реттеңіз:
Авто сканерлеу уақыты: Элементті сканерлеу жылдамдығын реттеңіз.
Бірінші элементте кідірту: Топтағы бірінші элементте уақытша тоқтайтын етіп сканерлеуді орнату.
Циклдер: «Виртуалды контроллер» элементін жасырмастан бұрын экранда неше рет айналатынын таңдау.
Қозғалысты қайталау: Қосқыш басылған кезде алдыңғы немесе келесі элементке жылжымастан бұрынғы кідірісті орнатыңыз.
Ұзақ басу: Қосқышты басып тұрғанда басқа әрекеттің орын алатынын және әрекетті орындамастан бұрын күту ұзақтығын орнатыңыз.
Түрту тәртібі: Түрту әрекетін таңдау және «Сканер мәзірі» мәзірін көрсету үшін екінші қосқыш әрекетін орындау үшін аралықты орнату.
Түрткеннен кейін фокуста: «Виртуалды контроллер» сканерлеуді түртілген элементтен жалғастыратынын немесе басынан бастайтынын таңдаңыз.
Ұстап тұру ұзақтығы: Қосқыш әрекеті ретінде қабылданбастан бұрын қосқышты қанша уақыт басып тұруыңыз керектігін көрсетіңіз.
Қайталауды елемеу: Байқамай қайталанған қосқыш іске қосуларын елемеу.
Дыбыс әсерлері: Дыбыс әсерлерін қосу.
Сөзді дыбыстау: Элементтерді олар сканерленген кезде айту.
Мәзір элементтері: «Сканер мәзірі» мәзірінде көрсетілген әрекеттерді және олар пайда болатын ретті таңдаңыз.
Элементтерді топтастыру: Жылдам шарлау үшін элементтерді топтау.
Үлкен меңзер: Бөлектеуді көрнектірек етіп жасаңыз.
Меңзер түсі: Басқа бөлектеу түсін таңдаңыз.
5-қадам: «Виртуалды контроллер» параметрін қосу
«Реттеулер» > «Қолжетімділік» > «Виртуалды контроллер» тармағына өтіңіз, одан кейін «Виртуалды контроллер» параметрін қосыңыз.
Маңызды: «Виртуалды контроллер» параметрі қосылған кезде, Виртуалды контроллерден шыу үшін сенсорлы экранда стандартты қимылдарды пайдалана алмайсыз.
6-қадам: «Виртуалды контроллер» параметрін жылдам қосу немесе өшіру
Қолайлылық үшін «Виртуалды контроллер» параметрін жылдам қосу немесе өшіру үшін «Қол жеткізу пәрмені» параметрін орнатуыңызға болады.
«Реттеулер»
> «Қолжетімділік» > «Әмбебап қол жеткізу пәрмені» тармағына өтіңіз, содан кейін «Виртуалды контроллер» параметрін таңдаңыз.
«Виртуалды контроллер» параметрін қосу немесе өшіру үшін бүйірлік түймені үш рет басыңыз (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) немесе «Басты бет» түймесін үш рет басыңыз (басқа iPhone үлгілерінде).