iPhone құрылғысында жылдам әрекеттерді орындау
«Басты бет» экранында, «Қолданбалар каталогі» қойындысында, Басқару орталығында және қолданбаларда жылдам әрекеттер мәзірлерін пайдалануыңызға, алдын ала қарау көріністерін көруіңізге және т.б. әрекеттерді орындауыңызға болады.
«Басты бет» экранынан және «Қолданбалар каталогі» қойындысынан жылдам әрекеттерді орындау
«Басты бет» экранында және «Қолданбалар каталогі» қойындысында жылдам әрекеттер мәзірлерін ашу үшін қолданбаларды басып тұрыңыз.

Мысалы:
«Камера»
белгішесін басып тұрыңыз, одан кейін «Селфи түсіру» параметрін таңдаңыз.
Карталар
белгішесін басып тұрыңыз, одан кейін «Геолокациямды жіберу» параметрін таңдаңыз.
«Ескертпелер»
белгішесін басып тұрыңыз, одан кейін «Жаңа ескертпе» параметрін таңдаңыз.
Ескертпе: Жылдам әрекетті таңдамастан бұрын қолданбаны тым ұзақ басып тұрсаңыз, қолданбалардың барлығы дірілдей бастайды. «Дайын» түймесін түртіңіз (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) немесе «Басты бет» түймесін басыңыз (басқа iPhone үлгілерінде), одан кейін әрекетті қайталаңыз.
Алдын ала қарау көріністері мен басқа жылдам әрекеттер мәзірлерін көру
«Фотолар» қолданбасында суретті алдын ала қарау және параметрлер тізімін көру үшін оны басып тұрыңыз.
«Пошта» қолданбасында хабар мазмұндарын алдын ала қарау және параметрлер тізімін көру үшін пошта жәшігінде хабарды басып тұрыңыз.
Басқару орталығын ашыңыз, одан кейін параметрлерді көру үшін «Камера» немесе ашықтықты басқару элементі сияқты элементті басып тұрыңыз.
Құлыптау экранында хабарландыруға жауап беру үшін оны басып тұрыңыз.
Теру кезінде Бос орын пернесін пернетақтаны сенсорлы тақтаға айналдыру үшін бір саусақпен басып тұрыңыз.