iPhone құрылғысындағы Freeform тақтасына скандер, сілтемелер мен басқа файлдар қосу
Freeform қолданбасында файлды сканерлеу, оған сілтеме жасау немесе оны енгізу арқылы тақтаңызға файлдың кез келген түрін қоса аласыз.
Құжатты сканерлеу және қосу
Қағаз құжатын сканерлеп, оны Freeform қолданбасынан шықпай-ақ PDF файлы ретінде тақтаға қосуыңызға болады.
Тақта жасаңыз немесе ашыңыз, одан кейін
түймесін, одан кейін «Скан» түймесін түртіңіз.
Құжатты экранда пайда болатындай етіп орналастырыңыз, одан кейін
түймесін түртіңіз немесе дыбыс деңгейі түймесін басыңыз.
Сканерленген құжатта қалаған аймағыңызды таңдау үшін бұрыштарды сүйреңіз, одан кейін «Қалдыру» түймесін түртіңіз.
Қосымша беттерді сканерлеңіз, одан кейін аяқтаған кезде «Сақтау» түймесін түртіңіз.
Сканіңіздің бірінші бетінің суреті бар карта тақтаңызда пайда болады.
Кеңес: Сканіңізді iCloud Drive дискісіне немесе iPhone құрылғыңызға сақтау үшін картаны таңдаңыз, түймесін түртіңіз,
түймесін түртіңіз, одан кейін «Файлдарға сақтау» түймесін түртіңіз.
Сілтеме қосу

Тақта жасаңыз немесе ашыңыз, одан кейін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
түймесін түртіңіз, «Сілтеме» түймесін түртіңіз, веб-мекендайды қойыңыз немесе теріңіз, одан кейін «Енгізу» түймесін түртіңіз.
Аралық сақтағышыңыздан веб-мекенжайды қойыңыз.
Веб-сайттың атауы мен алдын ала қарау көрінісі бар (қолжетімді болса) карта пайда болады.
Мекенжайды өңдеу үшін картаны түртіңіз, қалқымалы мәзірде
түймесін, одан кейін «Сілтемені өңдеу» түймесін түртіңіз.
Файлдарды басқа қолданбадан кірістіру
Keynote көрсетілімі немесе «Файлдар» қолданбасындағы көп бетті PDF сияқты басқа қолданбалардан құжаттарды қосуыңызға болады.

Файлдарды iPhone құрылғыңызға немесе iCloud Drive дискісіне сақтаңыз. (Басқалардың файлда бірлесіп жұмыс істеуін қаласаңыз, оны iCloud қызметіне сақтауыңыз керек.)
Тақта жасаңыз немесе ашыңыз,
түймесін, одан кейін «Мына жерден енгізу» түймесін түртіңіз.
Файлдарға өтіңіз, одан кейін тақтаға қосқыңыз келетін файлдарыңызды таңдаңыз.
Әрқайсысын таңдаған сайын құсбелгі пайда болады.
Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Ашу» түймесін түртіңіз.
Файлдың атауы мен алдын ала қарау көрінісі бар (қолжетімді болса) карта пайда болады.
Кез келген медиа-файлды—фотосурет, бейне, скан немесе басқа файл—алдын ала қарау үшін оны екі рет түртіңіз.
Ескертпе: Көптеген файл түрлері үшін Freeform кірістірілген файлдың көшірмесін жасайды. Ортақ Keynote көрсетіліміне, Numbers электрондық кестесіне немесе Pages құжатына сілтеме қосқан кезіңізде, Freeform тақтаңыздағы қатысушылар iCloud қызметінде ортақ файлға өту үшін картаны түртуіне болады.