iPhone құрылғысында фотосуреттер мен бейнелерді көшірмелеу және көшіру
iPhone құрылғыңыздағы «Фотолар» қолданбасында түпнұсқаны көрсету кезінде фотосуретті немесе бейнені көшірмелеуіңізге болады. Сондай-ақ фотосуретті көшіріп, оны электрондық пошта, мәтіндік хабар немесе көрсетілім сияқты басқа құжатқа қоюыңызға болады.
Фотосуретті немесе бейнені көшірмелеу
Фотосуреті немесе бейнені ашыңыз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
«Көшірме жасау» түймесін түртіңіз.
Көшірме медиатекаңыздағы түпнұсқаның жанында пайда болады.
Бірнеше фотосуретті немесе бейнені көшірмелеу
«Медиатека» түймесін түртіңіз, одан кейін «Барлық фото» немесе «Күндер» түймесін түртіңіз.
«Таңдау» параметрін түртіңіз, одан кейін көшірмелегіңіз келетін нобайларды түртіңіз.
түймесін, одан кейін «Көшірме жасау» түймесін түртіңіз.
Фотосуретті көшіру
Фотосуретті ашыңыз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
«Көшіру» түймесін түртіңіз, одан кейін фотосуретті басқа құжатқа қойыңыз.
Бірнеше фотосуретті немесе бейнені көшіру
«Медиатека» түймесін түртіңіз, одан кейін «Барлық фото» немесе «Күндер» түймесін түртіңіз.
«Таңдау» параметрін түртіңіз, одан кейін көшіргіңіз келетін нобайларды түртіңіз.
түймесін, одан кейін «Көшіру» түймесін түртіңіз.
Көшірмелерді басқа құжатқа қойыңыз.