Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады
iPhone құрылғысында теңшелім профайлдарын орнату немесе жою
Теңшелім профайлдары iPhone құрылғысын корпоративтік немесе мектеп желілерімен немесе тіркелгілерімен пайдалануға арналған параметрлерді анықтайды. Сізден өзіңізге электрондық пошта хабарында жіберілген немесе веб-беттен жүктеп алынған теңшелім профайлдарын орнату сұралуы мүмкін. Сізден пофайлды орнатуға рұқсат сұралады және файлды ашқан кезіңізде ол қамтитын нәрсе туралы ақпарат көрсетіледі. Орнатқан профайлдарыңызды «Реттеулер» > «Жалпы» > «VPN және құрылғыны басқару» тармағында көре аласыз. Профайлды жойсаңыз, параметрлердің барлығы, қолданбалар және профайлмен байланыстырылған деректер де жойылады.