iPhone құрылғысындағы Picture in Picture технологиясымен көп тапсырма орындау
«Сурет ішіндегі сурет» технологиясымен басқа қолданбаларды пайдалану кезінде бейне қарауыңызға немесе FaceTime қолданбасын пайдалануыңызға болады.

Бейнені қарау кезінде түймесін түртіңіз.
«Басты бет» экранын көре алуыңыз үшін және басқа қолданбаларды аша алуыңыз үшін бейне терезесі экраныңыздың бұрышына дейін масштабталады. Бейне терезесі көрсетіліп тұрғанда келесі әрекеттердің кез келгенін орындауыңызға болады:
Бейне терезесінің өлшемін өзгерту: Кішкентай бейне терезесін үлкендету үшін шымшып ашыңыз. Оны қайтадан кішірейту үшін шымшыңыз.
Басқару элементтерін көрсету және жасыру: Бейне терезесін түртіңіз.
Бейне терезесін жылжыту: Оны экранның басқа бұрышына сүйреңіз.
Бейне терезесін жасыру: Оны экранның сол немесе оң жақ шетінен тыс жерге сүйреңіз.
Бейне терезесін жабу:
түймесін түртіңіз.
Толық бейне экранына оралу: Кішкентай бейне терезесіндегі
түймесін түртіңіз.