iPhone құрылғысында камера реттеулерін сақтау
Пайдаланылған соңғы камера режимін, фильтр, жарықтандыру, тереңдік және Live Photo реттеулерін «Камера» қолданбасын келесіде ашқанда қайта орнатылмайтындай етіп сақтауыңызға болады.
«Реттеулер» > «Камера» > «Реттеулерді сақтау» тармағына өтіңіз.
Келесі параметрлердің кез келгенін қосыңыз:
Камера режимі: «Видео» немесе «Панорама» сияқты соңғы пайдаланған камера режиміңізді сақтаңыз.
Камера режимдері арасында ауысу бөлімін қараңыз.
Шығармашылық: Сүзгі, жарықтандыру опциясы немесе тереңдікті басқару үшін пайдаланған соңғы реттеулеріңізді сақтаңыз.
Фотоны фильтрмен түсіру, «Портрет» режимінде «Портреттік жарықтандыру» мүкіндігін реттеу және «Портрет» режимінде «Айқындық шегін басқару» параметрін реттеу бөлімдерін қараңыз.
Макротүсірім ауыстырып-қосқышы: Макро фотолар мен видеоларға түсіру үшін ультра кең бұрышты камераға автоматты түрде ауысудың орнына, көрсетілген «Автомакро» параметрін сақтаңыз (қолдау көрсетілген үлгілерде)
Автоматты макрос ауыстыруды басқару бөлімін қараңыз.
Экспозицияны түзету: Экспозицияны басқару реттеуін сақтаңыз (iPhone 11 және одан кейінгі құрылғыларда).
Камераның фокусы мен экспозициясын реттеу бөлімін қараңыз.
Түнгі режим: «Авто» реттеуіне қайта орнатудың орнына «Түнгі режим» реттеуін сақтаңыз (қолдау көрсетілген үлгілерде).
Түнгі режимдегі фотоларды түсіру бөлімін қараңыз.
«Портрет» масштабы: Әдепкі объективке қайта орнатудың орнына «Портрет» режимінде орнатылған масштабты сақтаңыз (бұл реттеу қолдау көрсетілген үлгілерде әдепкі бойынша қосулы болады).
Портреттер түсіру бөлімін қараңыз.
«Әрекет» режимі: «Әрекет режимі» реттеуін өшірулі күйге қайтарудың орнына қосулы күйде ұстаңыз (iPhone 14 және одан кейінгі).
ProRAW және ажыратымдылықты басқару: Apple ProRAW реттеуін сақтаңыз (қолдау көрсетілген үлгілерде).
Apple ProRAW фотоларын түсіру бөлімін қараңыз.
Apple ProRes: Apple ProRes реттеуін сақтаңыз (қолдау көрсетілген үлгілерде).
ProRes видеоларын жазу бөлімін қараңыз.
Live Photo: Live Photo реттеуін сақтаңыз. Бұл реттеу әдепкі бойынша қосулы болады.
Live Photos фотосын түсіру бөлімін қараңыз.