iPhone құрылғысында «Шынайы уақытта тану» үшін пәрмендерін баптау
VoiceOver қосулы кезде «Шынайы уақытта тану» функциясын жылдам іске қосатын жылдам пәрменді баптауыңызға болады. VoiceOver өшірулі болса, жылдам пәрмен «Лупа» қолданбасын Анықтау режимінде ашады.
VoiceOver қимылын пайдалану VoiceOver қосулы кезде «Шынайы уақытта тану» реттеуін қосу немесе өшіру үшін экранды төрт саусақпен үш рет түртіңіз. Басқа қимылды тағайындау үшін «Реттеулер» > «Әмбебап қол жеткізу» > VoiceOver > «Пәрмендер» > «Сенсорлық қимылдар» тармағына өтіңіз.
Бүйірлік түймені немесе басты бет түймесін үш рет басыңыз. «Реттеулер» > «Әмбебап қол жеткізу» > «Әмбебап қол жеткізу пәрмені» тармағына өтіңіз, содан кейін «Шынайы уақытта тану» реттеуін таңдаңыз. Әмбебап қол жеткізу функцияларын жылдам қосу немесе өшіру бөлімін қараңыз.
iPhone құрылғысының артын түртіңіз: «Реттеулер» > «Әмбебап қол жеткізу» > «Түрту» > «Артқы панельді түрту әрекеті» тармағына өтіңіз, «Екі рет түрту» немесе «Үш рет түрту» реттеуін таңдаңыз, одан кейін «Шынайы уақытта тану» реттеуін таңдаңыз. Әрекеттерді немесе жылдам пәрмендерді орындау үшін iPhone құрылғысының артын түрту бөлімін қараңыз.
«Әрекет» түймесін басу: «Шынайы уақытта тану» параметрін бастау үшін «Әрекет» түймесін теңшеңіз. «Әрекет» түймесін пайдалану және теңшеу бөлімін қараңыз.
Ескертпе: «Әрекет» тйүмесі қолдау көрсетілген үлгілерде қолжетімді.