iPhone пернетақтасына эмодзи, Memoji және стикерлер қосу
Хабарлар мен құжаттарда өз ойыңызды білдіру мақсатында эмодзиді, Memoji және стикерлерді енгізу үшін еріп жатқанда iPhone пернетақтасын пайдалануыңызға болады.
Эмодзи, Memoji немесе стикер қосу
Мәтінді ауыстыру және сөздерді жандандыру үшін эмодзи пернетақтасын пайдаланыңыз.
Мәтін өрісін түртіңіз, одан кейін эмодзи пернетақтасына ауысу үшін немесе пернесін түртіңіз.
Эмодзилерді, Memoji және стикерлерді шолу үшін солға немесе оңға сырғытыңыз немесе сол санатқа өту үшін пернетақтаның астындағы таңбаны түртіңіз.
Жақында пайдаланған эмодзилер, Memoji мен стикерлер эмодзи пернетақтасының «Жиі пайдаланылатын» бөлімінде көрсетіледі.
Кескінді мәтін өрісіңізге қосу үшін оны түртіңіз.
Эмодзидің әртүрлі тері реңктері сияқты нұсқаларын көру үшін эмодзиді түртіп, ұстап тұрыңыз, одан кейін саусағыңызды сүйреп, оны өзіңізге ұнайтын нұсқада жіберіңіз.
Қалыпты пернетақтаға оралу үшін АӘБ түймесін түртіңіз.
Кеңес: Пернетақтамен терген кезде, пернетақтаның жоғарғы жағында эмодзимен алмастыруға болатын сөздер көрсетіледі; мәтіннің орнына эмодзиді қолдану үшін оны түртіңіз.
Егер сізде кез келген iPhone 16 үлгісі, iPhone 15 Pro немесе iPhone 15 Pro Max құрылғысы бар болса және Apple Intelligence функциясы қосулы болса, Genmoji деп аталатын өзгертпелі эмодзи жасай аласыз. Жай ғана Genmoji стикеріңіздің қалай көрінгенін қалайтыныңызды сипаттаңыз немесе фотолары негізінде достарыңыз бен отбасыңыздың стикерін жасаңыз. Apple Intelligence функциясымен Genmoji жасау бөлімін қараңыз.
iPhone пернетақтасымен стикер жасау
Қолдау көрсетілетін қолданбаларда iPhone құрылғыңыздың пернетақтасымен хабар теріп жатқан кезде фотолар жинағыңыздағы кескіндерден жаңа стикер жасауыңызға болады.
Мәтін өрісін түртіңіз, одан кейін эмодзи пернетақтасына ауысу үшін немесе пернесін түртіңіз.
түймесін, одан кейін түймесін түртіңіз.
Фотолар жинағыңыздан іздеу үшін экранның жоғарғы жағындағы іздеу өрісіне бір терминді енгізіңіз немесе «Адамдар» немесе «Жануарлар» сияқты бір санатты түртіңіз.
Пайдаланғыңыз келетін фотоны, одан кейін «Стикер қосу» түймесін түртіңіз.
Стикер автоматты түрде стикерлер топтамаңызға қосылады.
iPhone пернетақтасымен Memoji жасау немесе өзгерту
Қолдау көрсетілетін қолданбаларда iPhone құрылғыңыздың пернетақтасымен хабар теріп жатқан кезде Memoji жасауыңызға болады. Сондай-ақ жасалып қойған Memoji элементін өңдеуіңізге, жоюыңызға немесе оның көшірмесін жасауыңызға болады.
Мәтін өрісін түртіңіз, одан кейін эмодзи пернетақтасына ауысу үшін немесе пернесін түртіңіз.
Бірінші Memoji элементіңізді жасау үшін түймесін, одан кейін түймесін түртіңіз, я болмаса өңдеу, жою, көшірмесін жасау немесе қосымша Memoji жасау үшін түймесін түртіңіз.
Memoji элементіңізді жасау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Memoji автоматты түрде Memoji топтамаңызға қосылады.