iPhone құрылғысында бір реттік растау кодтарын автоматты түрде толтыру
Кейбір веб-сайттар мен қолданбалар eкі факторлы аутентификация мүмкіндігін (көп факторлы түпнұсқалықты растау ретінде де белгілі) ұсынады, ол басқа адамдардың аккаунттарыңызға кіруіне олар құпиясөзді білген жағдайда да жол бермейді. Құпиясөздер бірінші түпнұсқалықты растау факторы, ал уақытша, бір реттік растау кодтары негізінен екінші фактор болып табылады. iPhone, сіздің SMS хабарларына немесе қосымша қолданбаларға сенуіңізсіз, осы растау кодтарын автоматты түрде жасай алады.
QR кодын сканерлеу арқылы веб-сайт немесе қолданба үшін автоматты растау кодтарын баптау
Егер сізде компьютер немесе iPad сияқты экраны бар басқа құрылғы болса, оны веб-сайттан немесе қолданбадан QR кодын көрсету үшін пайдалануыңызға болады, одан кейін iPhone камерасын кодты сканерлеу үшін пайдаланыңыз.
Басқа құрылғыңызда аккаунтыңызды басқаратын веб-сайттың немесе қолданбаның аймағына кіріңіз, одан кейін eкі факторлы аутентификация және аутентикатор қолданбасын қоу опцияларын таңдаңыз.
QR коды аутентикатор қолданбасын баптауыңызға көмектесу үшін пайда болады.
iPhone құрылғысында QR кодын сканерлеу үшін камераны пайдаланыңыз.
iPhone құрылғысында веб-сайт немесе қолданба үшін аккаунтыңызды таңдаңыз.
Растау коды «Пайдаланушы аты» және «Құпиясөз» өрістерінің төменгі жағында пайда болады.
Басқа құрылғыңызда iPhone құрылғыңызда пайда болған растау кодын енгізіңіз.
Баптау кілтін енгізу арқылы веб-сайт немесе қолданба үшін автоматты растау кодтарын баптау
Басқа экраннан QR кодын сканерлей алмасаңыз, баптау кілтін қолмен енгізуіңізге болады.
Аккаунтыңызды басқаратын веб-сайттың немесе қолданбаның аймағына кіріңіз, одан кейін eкі факторлы аутентификация және аутентикатор қолданбасын қоу опцияларын таңдаңыз.
Баптау кілтін (немесе баптау коды не соған ұқсайтын) қолмен пайдалану үшін опцияны таңдаңыз, одан кейін баптау кілтін таңдаңыз және көшіріңіз.
iPhone құрылғыңызда «Құпиясөздер» қолданбасына өтіңіз.
«Барлығы» түймесін түртіңіз, одан кейін веб-сайт немесе қолданба үшін аккаунтыңызды түртіңіз.
«Растау кодын баптау» түймесін, одан кейін «Баптау кілтін енгізу» түймесін түртіңіз.
«Баптау кілті» өрісін түртіңіз, «Қою» түймесін, одан кейін OK түймесін түртіңіз.
«Растау коды» өрісін, одан кейін «Растау кодын көшіру» түймесін түртіңіз.
Веб-сайтқа немесе қолданбаға оралыңыз, одан кейін растау кодын көрсетілген жерге қойыңыз.
Растау кодын веб-сайтта немесе қолданбада пайдалану
Веб-сайтқа немесе қолданбаға кіріңіз.
Сұралған жағдайда аутентикатор қолданбасын пайдалану үшін опцияны таңдаңыз.
Растау коды сұралған кезде, пернетақтаның жоғарғы жағында пайда болатын ұсынысты түртіңіз.
Ешқандай ұсыныс пайда болмаса, iPhone құрылғыңызда «Құпиясөздер» қолданбасына өтіңіз, веб-сайт немесе қолданба үшін аккаунтыңызды таңдаңыз, растау кодын түртіңіз, одан кейін «Растау кодын көшіру» түймесін түртіңіз. Веб-сайтқа немесе қолданбаға оралыңыз, одан кейін растау кодын өріске қойыңыз.
Бір реттік растау кодтарын автоматты түрде жою
Бір реттік растау кодтары автоматты түрде толтырылады, сондықтан кіріп жатқан веб-сайтыңыздан немесе қолданбаңыздан шығудың қажеті жоқ. «Авто толтыру» мүмкіндігімен енгізуден кейін растау кодтарын автоматты түрде жоюды немесе оларды сақтауды таңдауыңызға болады.
«Реттеулер» > «Жалпы» > «Авто толтыру және құпиясөздер» тармағына өтіңіз.
«Растау кодтары» астында «Пайдаланғаннан кейін жою» түймесін түртіңіз, одан кейін оны қосыңыз немесе өшіріңіз.