iPhone құрылғысындағы «Диктофон» қолданбасында жазба жасау
iPhone құрылғысын жеке жазбаларды, сыныптағы лекцияларды, музыкалық идеяларды және т.б. жазу үшін портативті жазу құрылғысы ретінде пайдалануыңызға болады. Жазбаларыңызды кесу, ауыстыру және жалғастыру сияқты өңдеу құралдарымен дәл реттеуіңізге де болады.
Дауыстық жазбаларды кірістірілген микрофонды, қолдау көрсетілген гарнитураны немесе сыртқы микрофонды пайдаланып жазыңыз.
«Диктофон» реттеуі iCloud реттеулерінде немесе iCloud теңшелімдерінде қосылған кезде, жазбаларыңыз бірдей Apple аккаунтына кірген iPhone, iPad құрылғыларыңызда және Mac компьютеріңізде автоматты түрде пайда болады және жаңартылады.
![Уақыт көрсеткішімен және жазбаны уақытша тоқтату түймесімен бірге орындалып жатқан жазудың толқынын көрсетіп тұрған «Диктофон» жазбасы.](https://help.apple.com/assets/67104C956810595555038D9A/67104C9D2EEB5C79B1030278/kk_KZ/ad9e4b5371b68a11a8e583d2161d044c.png)
Негізгі жазба жасау
iPhone құрылғыңызда «Диктофон» қолданбасына
(«Утилиталар» қалтасында) өтіңіз.
Ескертпе: «Диктофон» қолданбасын оңай табылатын және ашылатын ету үшін оны «Утилиталар» қалтасынан басты экранға жылжытуыңызға болады.
Жазуды бастау үшін
түймесін түртіңіз.
Жазбаның дыбыс деңгейін реттеу үшін микрофонды жазып жатқан нәрсеңізге жақынырақ немесе одан алысырақ жылжытыңыз.
Жазуды тоқтату үшін
түймесін түртіңіз.
Жазбаңыз «Жаңа жазба» атауымен немесе «Геолокация сервистері» реттеуі «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» тармағында қосылған жағдайда геолокацияңыздың атауымен сақталады. Атауды өзгерту үшін жазбаны түртіңіз, одан кейін атауды түртіңіз және жаңа біреуін теріңіз.
Жазбаңызды дәл реттеу үшін Жазбаны өңдеу немесе жою бөлімін қараңыз.
Ескертпе: Құпиялылығыңыз үшін жазбалар жасау мақсатында «Диктофон» мүмкіндігін пайдаланғанда, микрофонның қолданыста екенін білдіру үшін экранның жоғарғы жағында қызғылт сары нүкте пайда болады.
Стерео дыбыста жазу
«Диктофон» қолданбасында стерео дыбыста жазуыңызға болады.
«Реттеулер»
> «Қолданбалар» > «Диктофон» тармағына өтіңіз.
«Стерео жазба» реттеуін қосыңыз.
«Стерео жазба» реттеуі қосулы кезде, «Диктофон» iPhone құрылғыңыздағы көп микрофондарды пайдаланып және оң жақ және сол жақ дыбыс арналарымен жазады. Жазбаны құлаққап арқылы тыңдасаңыз, әртүрлі микрофондардан әртүрлі дыбыстар естисіз; дегенмен толқын пішінінің дисплейі бұрынғысынша көрінеді.
Ескертпе: «Стерео жазба» реттеуі барлық құрылғыларда қолжетімді емес.
Кеңейтілген жазу мүмкіндіктерін пайдалану
Жазу кезінде жазбаны уақытша тоқтату және жалғастыру арқылы бөліктермен жасауыңызға болады.
iPhone құрылғыңызда «Диктофон» қолданбасына
(«Утилиталар» қалтасында) өтіңіз.
Жазуды бастау үшін
түймесін түртіңіз.
Жазбаның дыбыс деңгейін реттеу үшін микрофонды жазып жатқан нәрсеңізге жақынырақ немесе одан алысырақ жылжытыңыз.
Жазу кезінде қосымша мәліметтерді көру үшін толқын пішінінің жоғарғы жағынан жоғары қарай сырғытыңыз.
Жазуды тоқтату үшін
түймесін түртіңіз; жалғастыру үшін «Жалғастыру» түймесін түртіңіз.
Жазбаңызды қарап шығу үшін
түймесін түртіңіз.
Ойнату басталатын жерді өзгерту үшін толық пішінін ойнату басында солға немесе оңға
түймесін түртпестен бұрын сүйреңіз.
Жазбаны сақтау үшін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Жазбаңыз «Жаңа жазба» атауымен немесе «Геолокация сервистері» реттеуі «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» тармағында қосылған жағдайда геолокацияңыздың атауымен сақталады. Атауды өзгерту үшін жазбаны түртіңіз, атауды түртіңіз, одан кейін жаңа атауды теріңіз.
Жазбаңызды дәл реттеу үшін Жазбаны өңдеу немесе жою бөлімін қараңыз.
Бастау және тоқтату дыбыстарын өшіру
iPhone құрылғыңызда «Диктофон» қолданбасына
(«Утилиталар» қалтасында) өтіңіз.
Жазуды бастау үшін
түймесін түртіңіз.
Жазу кезінде дыбыс деңгейін толығымен төмендету үшін iPhone дыбыс деңгейін төмендету түймесін пайдаланыңыз.
Жазу кезінде басқа қолданбаны пайдалану
Жазып жатқанда қолданба iPhone құрылғыңызда дыбыс ойнатпаса басқа қолданбаны пайдалана аласыз.
iPhone құрылғыңызда «Диктофон» қолданбасына
(«Утилиталар» қалтасында) өтіңіз.
Жазуды бастау үшін
түймесін түртіңіз.
Жазып жатқанда Басты экранға өтіңіз, одан кейін басқа қолданбаны ашыңыз.
Басқа қолданба дыбыс ойнатуды бастаса, «Диктофон» жазуды тоқтатады.
Қолдау көрсетілген үлгілерде басты экранның жоғарғы жағындағы және басқа қолданбалардағы Dynamic Island аймағында орындалып жатқан жазбаңызды көре аласыз. Кеңейту үшін Dynamic Island аймағын түртіңіз немесе «Диктофон» қолданбасына қайта өтіңіз. Dynamic Island аймағын пайдалану бөлімін қараңыз.
«Диктофон» реттеуі iCloud реттеулерінде немесе iCloud теңшелімдерінде қосылған болса, жазбаларыңыз iCloud қызметінде сақталады және бірдей Apple аккаунтына кірген iPhone, iPad құрылғыларыңызда және Mac компьютеріңізде автоматты түрде пайда болады. Жазбаларды жаңа күйде сақтау бөлімін қараңыз.
«Реттеулер» тармағында «Стерео жазба» реттеуін қоспайынша, кірістірілген микрофонды пайдаланатын жазбалар моно болып табылады. Стераоны жазу үшін iPhone құрылғысымен жұмыс істейтін сыртқы стерео микрофонын пайдалануыңызға да болады. Apple «Made for iPhone» немесе «Works with iPhone» логотипімен белгіленген керек-жарақтарды іздеңіз.