iPhone құрылғыңызды бірінші рет қосқанда пайда болатын «Сәлем» экраны.

Жұмысты бастау

Жаңа iPhone құрылғысын пайдалануды бастамас бұрын бірнеше негізгі мүмкіндіктерді баптаңыз.

Негізгілерді баптау

Бірегей Контакт постері бар iPhone қоңырау экраны.

Жеке әсер қосу

iPhone құрылғыңыз жеке стиліңіз бен қалауларыңызды көрсете алады. Құлыптау экранында сүйікті фотоларыңызды көрсетіңіз, басты экранға виджеттер қосыңыз, мәтін өлшемін, рингтондарды және т.б. реттеңіз.

iPhone құрылғыңызды жеке ету

Камера жақтауында төрт адамды көрсетіп тұрған «Фото» режиміндегі «Камера» экраны.

Үздік түсіріліміңізді түсіру

iPhone құрылғыңызды қай жерде болмасаңыз да сәтті түсіру үшін пайдаланыңыз. Фотолар мен видеоларды тез түсіру және iPhone құрылғыңыздағы басқа камера мүмкіндіктерін пайдалану жолын үйреніңіз.

Керемет фотолар мен видеолар түсіру

FaceTime қоңырауы.

Байланыста болу

iPhone сізге маңызды адамдармен байланысуды жеңілдетеді. Оларды контактілер тізіміңізге қосыңыз, осылайша олардың ақпараты сізге қажет жерде болады — одан кейін мәтіндік хабарлар, телефон қоңыраулары немесе FaceTime арқылы хабарласыңыз.

Достармен және отбасымен байланыста болу

«Реттеулер» қолданбасындағы «Отбасылық қол жеткізу» экраны. Бес отбасы мүшесі тізімде көрсетілген. Олардың аттарының төменіндегілер — «Отбасының бақылау тізімі» және оның төменіндегілер — «Жазылымдар» және «Сатып алуды бөлісу» опциялары.

Отбасыдағы барлығы

Сіз және сіздің отбасыңыздың мүшелері «Отбасылық қол жеткізу» мүмкіндігін жарамды қолданба сатып алуларын, геолокацияңызды және тіпті денсаулық деректерін бөлісу үшін пайдалана алады. Сондай-ақ, балалардың өз құрылғыларында уақытын қалай өткізетінін басқару үшін ата-аналық бақылауды баптауыңызға да болады.

Мүмкіндіктерді отбасыңызбен бөлісу

«Үй» қолданбасындағы «Менің үйім» экраны.

Күніңізді оңайлату

Сізді жиі баратын жерлеріңізге бағыттау, таңертеңгілік кофе үшін төлеу, маңызды тапсырмаларды еске салу және тіпті үйден шыққан кезде есікті автоматты түрде құлыптау үшін iPhone құрылғыңыздағы қолданбаларды пайдалану жолын үйреніңіз.

iPhone құрылғысын күнделікті тапсырмаларыңыз үшін пайдалану

Аккумулятордың 100% зарядталғанын көрсетіп тұрған iPhone экраны.

Про кеңестер

iPhone құрылғыңызды және онда сақталған ақпаратты қауіпсіз ұстау үшін Apple қолдау кеңесшілерінен басқа кеңестерді қараңыз.

Apple қолдау көрсету қызметінен маман кеңесі

Пайдалы болды ма?
Таңбалар шегі: 250
Таңбалар саны 250-ден аспауы керек.
Пікір жібергеніңіз үшін рақмет.