iPhone құрылғысындағы «Лупа» қолданбасымен айналаңыздағы көрнекі ақпараттың нақты сипаттамасын алу
Егер сіз зағип болсаңыз немесе көру қабілетіңіз нашар болса, айналаңызды сканерлеу және камера көрінісінде анықталған көріністердің тікелей сипаттамаларын алу үшін iPhone құрылғысындағы «Лупа» қолданбасындағы «Анықтау» режимін пайдалануыңызға болады. Тікелей сипаттамалар мәтін немесе сөз түрінде қолжетімді.
Маңызды: Анықтау режиміне қаупі жоғары немесе төтенше жағдайларда, өзіңізге зиян келуі немесе жарақат алуыңыз мүмкін жағдайларда немесе шарлау үшін сенуге болмайды.
Айналаңыздың тікелей сипаттамаларын алу
iPhone құрылғыңызда «Лупа» қолданбасына өтіңіз.
Анықтау режимін бастау үшін түймесін түртіңіз.
көрмесеңіз, оны қосуыңызға болады. Басқару элементтерін бейімдеу бөлімін қараңыз.
түймесін басып тұрыңыз, одан кейін «Көріністер» таңдалғанын тексеріңіз. Сондай-ақ, келесі әрекеттердің кез келгенін таңдауыңызға болады:
Адамдар: «Лупа» құралын пайдаланып айналаңыздағы адамдарды анықтау бөлімін қараңыз.
Есіктер: «Лупа» құралын пайдаланып айналаңыздағы есіктерді анықтау бөлімін қараңыз.
Жиһаз: «Лупа» құралын пайдаланып айналаңыздағы жиһазды анықтау бөлімін қараңыз.
Мәтін: Камера жақтауындағы мәтінді анықтау және оны дауыстап оқыту бөлімін қараңыз.
Таңдалғанды дыбыстау: Мәтінді айтқызу үшін оны саусағыңызбен көрсетіңіз бөлімін қараңыз.
Ескертпе: Адамдарды, есіктерді және жиһазды анықтау тек iPhone қолдау көрсетілген үлгілерінде қолжетімді.
Анықтауды уақытша кідірту үшін экранды екі саусақпен екі рет түртіңіз. Анықтауды жалғастыру үшін екі саусақпен қайтадан екі рет түртіңіз. Анықтау режимін тоқтату үшін түймесін түртіңіз.
VoiceOver қосулы болса, «Шынайы уақытта тану» функциясын iPhone құрылғыңыздағы кез келген экраннан қоса аласыз және «Лупа» қолданбасына бармастан айналаңыздың сипаттамаларын алуыңызға болады. VoiceOver функциясымен айналаңыздағылардың тікелей сипаттамаларын алу бөлімін қараңыз.
Тікелей көрініс сипаттамалары үшін реттеулерді теңшеу
iPhone құрылғыңызда «Лупа» қолданбасына өтіңіз.
түймесін түртіңіз, одан кейін «Анықтау» түймесін түртіңіз.
«Көріністер» түймесін түртіңіз, одан кейін «Белгілер» немесе «Дыбыстық кері байланыс» параметрінің кез келген тіркемесін қосыңыз.
Тікелей «Лупа» объективіне қайту үшін түймесін түртіңіз, оны қайтадан түртіңіз, одан кейін «Дайын» түймесін түртіңіз.