iPhone құрылғысының параметрлерін әдепкі мәндеріне қайтару
Мазмұныңызды өшірместен параметрлерді олардың әдепкі мәндеріне қайтара аласыз.
Параметрлеріңізді сақтау қажет болса, оларды әдепкі мәндеріне қайтармастан бұрын iPhone құрылғысын сақтық көшірмелеңіз. Мысалы, проблеманы шешуге тырысып жатсаңыз, бірақ параметрлерді әдепкі мәндеріне қайтару көмектеспесе, алдыңғы параметрлеріңізді сақтық көшірмеден қалпына келтіргіңіз келуі мүмкін.
Settings
> General > Reset тармағына өтіңіз.
Параметрді таңдау:
ЕСКЕРТУ: Erase All Content and Settings параметрін таңдасаңыз, мазмұныңыздың барлығы жойылады. Erase iPhone бөлімін қараңыз.
Барлық параметрлерді қайта орнату: Барлық параметрлер—соның ішінде желі параметрлері, пернетақта сөздігі, Home экранының орналасуы, құпиялылық параметрлері мен Apple Pay карталары—жойылады немесе әдепкі мәндеріне қайта орнатылады. Ешқандай деректер немесе мультимедиа жойылмайды.
Желі параметрлерін қайта орнату: Барлық желі параметрлері жойылады. Оған қоса, Settings > General > About тармағында тағайындалған құрылғы атауы «iPhone» атауына өзгереді және қолмен сенімді етілген сертификаттар (веб-тораптар сияқты) сенімсізге өзгереді.
Ұялы желі деректер роумингі де өшірілуі мүмкін. (iPhone құрылғысындағы ұялы деректер параметрлерін қарау немесе өзгерту бөлімін қараңыз.)
Желі параметрлерін қайта орнату: Барлық желі параметрлері жойылады. Оған қоса,
> General > About тармағында тағайындалған құрылғы атауы «iPhone» атауына өзгереді және қолмен сенімді етілген сертификаттар (веб-тораптар сияқты) сенімсізге өзгереді.
Желі параметрлері қайта орнатылғанда, бұрын пайдаланылған желілер және теңшелім профайлы немесе мобильді құрылғыны басқару (MDM) арқылы орнатылмаған VPN параметрлері жойылады. Wi-Fi өшіп, қайта қосылады, қосылып тұрған кез келген желі ажыратылады. Wi-Fi және Ask to Join Networks параметрлері қосулы күйде қалады.
Теңшелім профайлы орнатқан VPN параметрлерін жою үшін Settings > General > Profiles & Device Management тармағына өтіңіз, теңшелім профайлын таңдаңыз, одан кейін Remove Profile түймесін түртіңіз. Бұл, сондай-ақ, профайл арқылы берілген басқа параметрлерді және тіркелгілерді жояды. Осы нұсқаулықтағы iPhone құрылғысында теңшелім профайлдарын орнату немесе жою бөлімін қараңыз.
MDM орнатқан желі параметрлерін жою үшін Settings > General > Profiles & Device Management тармағына өтіңіз, басқаруды таңдаңыз, одан кейін Remove Management түймесін түртіңіз. Бұл, сондай-ақ, MDM берген басқа параметрлерді және куәліктерді жояды. iOS Deployment Reference торабындағы «Мобильді құрылғыны басқару (MDM)» бөлімін қараңыз.
Пернетақта сөздігін қайта орнату: Теріп жатқанда iPhone ұсынатын сөздерді қабылдамау арқылы пернетақта сөздігіне сөздер қосасыз. Пернетақта сөздігін қайта орнату тек қосқан сөздеріңізді өшіреді.
Home Screen орналасуын қайта орнату: Кірістірілген қолданбаларды Home экранында бастапқы орналасуларына қайтарады.
Location & Privacy параметрін қайта орнату: Орын қызметтерін және құпиялылық параметрлерін әдепкі параметрлеріне қалпына қайта орнатады.
iPhone құрылғыңызды толығымен өшіру үшін iPhone құрылғысынан барлық мазмұн мен параметрлерді өшіру бөлімін қараңыз. iPhone құрылғыңызды өшіру үшін компьютерді пайдаланғыңыз келсе немесе пайдалану керек болса, iPhone құрылғысынан барлық мазмұн мен параметрлерді өшіру үшін компьютерді пайдалану бөлімін қараңыз.