iPhone құрылғысында қолданбаның бақылау рұқсаттарын басқару
iOS 14.5 жүйесінен бастап барлық қолданбалардан сізді немесе iPhone құрылғыңызды басқа компаниялардың иелігіндегі қолданбаларда немесе веб-тораптарда сізге жарнамаларды бағыттау немесе ақпаратыңызды деректер брокерлерімен бөлісу мақсатында бақыламастан бұрын сіздің рұқсатыңызды сұрау талап етіледі. Қолданбаға рұқсат бергеннен немесе тыйым салғаннан кейін рұқсатты кейінірек өзгерте аласыз. Барлық қолданбалардың рұқсат сұрауын тоқтатуыңызға да болады.
Қолданбаның сізді бақылау рұқсатын қарап шығу немесе өзгерту
Settings
> Privacy > Tracking тармағына өтіңіз.
Тізім сізді бақылау рұқсатын сұраған қолданбаларды көрсетеді. Тізімдегі кез келген қолданба үшін рұқсатты қосуыңызға немесе өшіруіңізге болады.
Барлық қолданбалардың сізді бақылауға рұқсат сұрауын тоқтату үшін Allow Apps to Request to Track параметрін (экранның жоғарғы жағында) өшіріңіз.
Қолданбаны бақылау туралы қосымша ақпарат алу үшін экранның жоғарғы жағына жақын тұрған Learn More түймесін түртіңіз.