iPhone құрылғысындағы Maps қолданбасында жолыңыздың жалпы шолуын немесе тізімдегі оның бағыттарын қарау
Maps қолданбасында жолыңыздың жалпы шолу картасын немесе оның толық бағыттарының тізімін қарай аласыз.
Көлікпен жүру немесе велосипедпен жүру жолыңыздың шолуын қарау
Бұрылыстық бағыттар немесе велосипед айдау бағыттары көрсетіліп тұрғанда, экранның жоғарғы жағындағы баннерді түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Экранның жоғарғы жағында солтүстікті немесе межелі жеріңізді көрсету арасында ауысыңыз. Картаны, одан кейін
белгішесін түртіңіз.
Бұрылыстық бағыттарға оралу: Экранның жоғарғы сол жақ бұрышында бұрылу бағытын түртіңіз.

Жаяу жүру немесе транзиттік жолыңыздың шолуын қарау
Экранның төменгі жағындағы жол картасын түртіңіз, одан кейін Overview түймесін түртіңіз.
Бұрылыстық бағыттарға оралу үшін жол картасын түртіңіз, одан кейін «Turn-by-turn» (жаяу жол үшін) немесе Zoom In (транзиттік жол үшін) түймесін түртіңіз.
Тізімдегі барлық бағыттарды қарау
Экранның төменгі жағындағы жол картасын түртіңіз, одан кейін Details түймесін түртіңіз.
Картаны қайтадан қарау үшін Done түймесін түртіңіз.
