iPhone құрылғысындағы Wallet қолданбасында рұқсатнамаларыңызды басқару
Wallet қолданбасындағы рұқсатнамалармен марапаттар картаңызда балдар жинауыңызға, дүкенде купонды пайдалануыңызға, ұшаққа отыруыңызға және т.б. әрекеттерді орындауыңызға болады.
QR коды немесе штрих-коды бар рұқсатнаманы пайдалану
Рұқсатнама үшін хабарландыру Lock Screen экранында пайда болса, хабарландыруды түртіңіз; хабарландыру болмаса, Wallet қолданбасын
ашыңыз.
Рұқсатнаманы түртіңіз, одан кейін QR кодын немесе штрих-кодты оқу құралына көрсетіңіз.
Байланыссыз рұқсатнаманы пайдалану
Wallet қолданбасындағы рұқсатнамамен iPhone құрылғыңызды рұқсатнамаңызды оқу құралына көрсету үшін пайдалануыңызға болады.
Рұқсатнама хабарландыруы Lock Screen экранында пайда болса, хабарландыруды түртіңіз. Ешқандай хабарландыру болмаса, Wallet қолданбасын
ашыңыз, одан кейін рұқсатнаманы түртіңіз.
iPhone құрылғысының жоғарғы жағын оқу құралының бірнеше сантиметріне iPhone дірілдегенше орналастырыңыз.
QR кодын немесе штрих-кодты (қолжетімді болса) көру үшін
түймесін түртіңіз.