iPhone құрылғысында жанұя мүшесінің жоқ құрылғысын табу
Family Sharing тобында болған кезіңізде және жанұя мүшелері өздерінің орындарын сізбен бөліскенде, басқа жанұя мүшесіне жоғалған құрылғыны табуға көмектесу үшін iPhone, iPad, iPod touch құрылғыларыңызда немесе Mac компьютерінде Find My қолданбасын немесе iCloud.com торабындағы Find My iPhone қызметін пайдалануыңызға болады.
iPhone құрылғыңызды жанұя мүшесі табатындай етіп орнату
Құрылғы жоғалмастан бұрын келесі әрекеттерді орындаған болсаңыз, жанұя мүшесі жоқ iPhone құрылғыңызды табуға көмектесе алады:
Location Services параметрін қосу: Settings
> Privacy тармағына өтіңіз, одан кейін Location Services параметрін қосыңыз.
Find My iPhone параметрін қосу: Settings > [your name] > Find My > Find My iPhone тармағына өтіңіз, одан кейін Find My iPhone, Find My network және Send Last Location параметрлерін қосыңыз.
Басқа құрылғыларды орнату үшін iPhone құрылғысын Find My қолданбасына қосу бөлімін қараңыз.
Орныңызды жанұя мүшелерімен бөлісу: Settings > [your name] > Family Sharing > Location Sharing тармағына өтіңіз, одан кейін Share My Location параметрін қосыңыз.
Жанұя мүшесінің құрылғысын табу
iPhone құрылғысындағы Find My қолданбасында құрылғыны табу бөлімін қараңыз.
Құрылғыларыңыз тізімнің жоғарғы жағында, ал жанұя мүшелеріңіздің құрылғылары сіздікінің астында.

Жанұя мүшесінің жоқ құрылғысын табу үшін iCloud.com торабындағы Find My iPhone қызметін пайдалануыңызға да болады. iCloud пайдаланушы нұсқаулығындағы Құрылғыны iCloud.com торабындағы Find My iPhone қолданбасында табу бөлімін қараңыз.