iPhone құрылғыңыз туралы ақпарат алу
Жалпы жад қолжетімділігін және әр қолданба пайдаланған жадты қараңыз
Settings > General > iPhone Storage тармағына өтіңіз.
iPhone, iPad және iPod touch құрылғыларында жадты тексеру жолы және iCloud жадын басқару атты Apple Support мақалаларын қараңыз.
Батарея қолданысын қарау
iPhone құрылғысы зарядталғалы және қолданба қолданысынан бері өткен уақытты қарау үшін Settings > Battery тармағына өтіңіз. iPhone батареясын зарядтау және бақылау бөлімін қараңыз.
Сондай-ақ, батарея деңгейін пайыз ретінде көрсетуіңізге, Low Power Mode параметрін қосуыңызға немесе өшіруіңізге және батареяңыздың жағдайын тексеруіңізге болады. iPhone батареясын зарядтау және бақылау бөлімін қараңыз.
Қоңырау уақыты мен ұялы желі қолданысын қарау
Settings > Cellular тармағына өтіңіз. iPhone құрылғысындағы ұялы деректер параметрлерін қарау немесе өзгерту бөлімін қараңыз.
iPhone туралы қосымша ақпаратты қарау
Settings > General > About тармағына өтіңіз. Қарауға болатын элементтерге келесілер жатады:
Атау
iOS бағдарламалық жасақтамасының нұсқасы
Үлгі атауы
Бөлшек және үлгі нөмірлері. Model белгісінің оң жағында бөлшек нөмірі пайда болады. Үлгі нөмірін көру үшін бөлшек нөмірін түртіңіз.
Сериялық нөмір
Ұялы желі
Әндер, бейнелер, фотосуреттер және қолданбалар саны
Сыйымдылық және қолжетімді сақтау орны
Оператор параметрлері. Carrier түймесінің оң жағында байланыс операторы параметрлерінің нұсқа нөмірі пайда болады. Қосымша байланыс операторына қатысты ақпаратты көру үшін нұсқа нөмірін түртіңіз. Қосымша мәліметтер алу үшін байланыс операторыңызға хабарласыңыз.
Wi-Fi және Bluetooth мекенжайлары
IMEI (International Mobile Equipment Identity)
GSM желілері үшін ICCID (Чип-карта идентификаторы немесе смарт карта)
CDMA желілері үшін MEID (Мобильді жабдық идентификаторы)
Модем микробағдарламасы
Заң (соның ішінде, заңдық ескертулер және лицензия, кепілдік және РЖ әсері туралы мәліметтер)
Сериялық нөмірді және басқа идентификаторларды көшіру үшін идентификаторды Copy түймесі пайда болғанша басып тұрыңыз.
Нормативтік белгілерді көру үшін Settings > General > Legal & Regulatory тармағына өтіңіз.
Қолдау көрсетілген үлгілерде SIM картасында IMEI кодын және SIM науасының саңылауында үлгі нөмірін де таңба аласыз.
Диагностикалық мәліметтерді қарау немесе өшіру
Settings > Privacy > Analytics & Improvements тармағына өтіңіз.
Apple корпорациясына өнімдері мен қызметтерін жақсартуға көмектесу үшін iPhone құрылғысы диагностикалық және қолданыс деректерін жібереді. Бұл деректер жеке басыңызды анықтамайды, бірақ орын туралы мәліметтерді қамтиды.