iPhone құрылғысынан екі факторлы түпнұсқалықты растауды басқару
Екі факторлы түпнұсқалықты растау басқалардың Apple ID құпия сөзіңізді білсе де Apple ID тіркелгіңізге қатынауына жол бермеуге көмектеседі. Екі факторлы түпнұсқалықты растау iOS 9, iPadOS 13, OS X 10.11 немесе одан кейінгі жүйелерге кірістірілген.
iOS, iPadOS және macOS жүйелеріндегі белгілі бір мүмкіндіктер ақпаратыңызды қорғау үшін жасалған екі факторлы түпнұсқалықты растау қауіпсіздігін талап етеді. Жаңа Apple ID идентификаторын iOS 13.4, iPadOS 13.4, macOS 10.15.4 немесе одан кейінгі жүйе бар құрылғыда жасасаңыз, тіркелгіңіз екі факторлы түпнұсқалықты растауды автоматты түрде пайдаланады. Бұрын Apple ID тіркелгісін екі факторлы түпнұсқалықты растаусыз жасаған болсаңыз, оның қауіпсіздіктің қосымша қабатын кез келген уақытта қосуыңызға болады.
Ескертпе: Белгілі бір тіркелгі түрлері Apple қарауында екі факторлы түпнұсқалықты растауға жарамсыз болуы мүмкін. Екі факторлы түпнұсқалықты растау барлық елдерде емесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. Apple ID үшін екі факторлы түпнұсқалықты растаудың қолжетімділігі атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Екі факторлы түпнұсқалықты растаудың жұмыс істеу жолы туралы ақпаратты Apple ID үшін екі факторлы түпнұсқалықты растау атты Apple Support мақаласынан қараңыз.
Екі факторлы түпнұсқалықты растауды қосу
Apple ID тіркелгіңіз екі факторлы түпнұсқалықты растауды әлі пайдаланбайтын болса, Settings > [your name] > Password & Security тармағына өтіңіз.
Turn On Two-Factor Authentication түймесін, одан кейін Continue түймесін түртіңіз.
Сенімді телефон нөмірін, екі факторлы түпнұсқалықты растау үшін растау кодтарыңызды алғыңыз келетін телефон нөмірін енгізіңіз (ол iPhone құрылғыңыздың нөмірі бола алады).
Кодтарды мәтіндік хабар немесе автоматтандырылған телефон қоңырауы арқылы алуды таңдауыңызға болады.
Next түймесін түртіңіз.
Сенімді телефон нөміріңізге жіберілген растау кодын енгізіңіз.
Растау кодын жіберу немесе қайта жіберу үшін «Didn’t get a verification code?» түймесін түртіңіз.
Толығымен шығып кетпесеңіз, iPhone құрылғыңызды өшірмесеңіз, веб-шолғышта Apple ID тіркелгі бетіне кірмесеңіз немесе қауіпсіздік себептері үшін Apple ID құпия сөзін өзгерту керек болмаса, iPhone құрылғыңызда растау коды қайтадан сұралмайды.
Екі факторлы түпнұсқалықты растауды қосқаннан кейін оны өшіруіңіз үшін екі апталық мерзіміңіз болады. Ол мерзімнен кейін екі факторлы түпнұсқалықты растау мүмкіндігін өшіре алмайсыз. Оны өшіру үшін растау электрондық пошта хабарыңызды ашыңыз және алдыңғы қауіпсіздік параметрлеріңізге оралу үшін сілтемені басыңыз. Екі факторлы түпнұсқалық растауды өшіру тіркелгіңіздің қауіпсіздігін азайтатынын және қауіпсіздіктің жоғары деңгейін талап ететін мүмкіндіктерді пайдалана алмайтыныңызды білдіретінін есте сақтаңыз.
Ескертпе: Екі қадамдық растауды пайдалансаңыз және iOS 13 немесе одан кейінгі жүйеге жаңартсаңыз, тіркелгіңіз екі факторлы түпнұсқалықты растауды пайдалану үшін көшірілуі мүмкін. Apple ID үшін екі қадамды растау атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Басқа құрылғыны сенімді құрылғы ретінде қосу
Сенімді құрылғы — басқа құрылғыдан немесе браузерден кірген кезде Apple корпорациясынан растау кодын көрсету арқылы жеке басыңызды растау үшін пайдалануға болатын құрылғы. Сенімді құрылғы мына ең аз жүйе талаптарына сай болуы тиіс: iOS 9, iPadOS 13 немесе OS X 10.11.
Бір құрылғыда екі факторлы түпнұсқалықты растауды қосқаннан кейін, басқа құрылғыда бірдей Apple ID идентификаторымен кіріңіз.
Алты санды растау кодын енгізу сұралғанда келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Растау кодын iPhone құрылғыңызда немесе Интернетке қосылған басқа сенімді құрылғыда алу: Сол құрылғыда хабарландыруды іздеңіз, одан кейін кодты сол құрылғыда пайда болғызу үшін Allow түймесін түртіңіз немесе басыңыз. (Сенімді құрылғы — екі факторлы түпнұсқалықты растау қосылып қойған және Apple ID идентификаторыңызбен кірген iPhone, iPad, iPod touch құрылғысы немесе Mac компьютері.)
Растау кодын сенімді телефон нөмірінде алу: Сенімді құрылғы қолжетімді болмаса, «Didn’t get a verification code?» түймесін түртіңіз, одан кейін телефон нөмірін таңдаңыз.
Растау кодын офлайн күйдегі сенімді құрылғыда алау: Сенімді iPhone, iPad немесе iPod touch құрылғысында Settings > [your name] > Password & Security тармағына өтіңіз, одан кейін Get Verification Code түймесін түртіңіз. macOS 10.15 немесе одан кейінгі жүйесі бар сенімді Mac компьютерінде Apple мәзірі > System Preferences > Apple ID > Password & Security тармағын таңдаңыз, одан кейін Get Verification Code түймесін басыңыз. macOS 10.14 және оған дейінгі жүйесі бар сенімді Mac компьютерінде Apple мәзірі > System Preferences > iCloud > Account Details > Security тармағына өтіңіз, одан кейін Get Verification Code түймесін басыңыз.
Жаңа құрылғыда растау кодын енгізіңіз.
Толығымен шығып кетпесеңіз, құрылғыңызды өшірмесеңіз, веб-шолғышта Apple ID тіркелгі бетіне кірмесеңіз немесе қауіпсіздік себептері үшін Apple ID құпия сөзін өзгерту керек болмаса, растау коды қайтадан сұралмайды.
Сенімді телефон нөмірін қосу немесе жою
Екі факторлы түпнұсқалықты растауды тіркегеніңізде бір сенімді телефон нөмірін растауыңыз керек. Сондай-ақ, үй телефоны немесе жанұя мүшесі немесе жақын досыңыз пайдаланатын нөмір сияқты қатынай алатын басқа телефон нөмірлерін қосуды да қарастыруыңыз керек.
Settings > [your name] > Password & Security тармағына өтіңіз.
Edit түймесін (сенімді телефон нөмірлерінің тізімінің үстінде) түртіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Нөмір қосу: Add a Trusted Phone Number түймесін түртіңіз.
Нөмірді жою: Телефон нөмірінің жанындағы түймесін түртіңіз.
Сенімді телефон нөмірлері растау кодтарын автоматты түрде алмайды. Екі факторлы түпнұсқалықты растау үшін жаңа құрылғыны орнату кезінде ешқандай сенімді құрылғыларға қатынай алмасаңыз, жаңа құрылғыда «Didn’t get a verification code?» түймесін түртіңіз, одан кейін растау кодын алу үшін сенімді телефон нөмірлерінің біреуін таңдаңыз.
Сенімді құрылғыларды қарау немесе жою
Settings > [your name] тармағына өтіңіз.
Apple ID идентификаторымен байланыстырылған құрылғылар тізімі экранның төменгі жағында пайда болады.
Тізімдегі құрылғының сенімді екенін көру үшін оны түртіңіз, одан кейін «This device is trusted and can receive Apple ID verification codes» жазбасын іздеңіз.
Құрылғыны жою үшін оны түртіңіз, одан кейін Remove from Account түймесін түртіңіз.
Сенімді құрылғыны жою оның бұдан әрі растау кодтарын көрсете алмауын және iCloud қызметіне (және құрылғыдағы басқа Apple қызметтеріне) қатынас екі факторлы түпнұсқалықты растаумен қайта кіргенше блокталуын қамтамасыз етеді.
Apple ID тіркелгіңізге кіретін қолданба үшін құпия сөз жасау
Екі факторлы түпнұсқалықты растаумен сізге электрондық пошта, контактілер немесе күнтізбе қолданбасы сияқты үшінші тарап қолданбасынан немесе қызметінен Apple ID тіркелгіңізге кіру үшін қолданбаға арналған құпия сөз керек. Қолданбаға арналған құпия сөзді жасағаннан кейін оны қолданбадан Apple ID тіркелгіңізге кіру үшін және iCloud қызметіне сақтаған ақпаратыңызға қатынау үшін пайдаланыңыз.
Apple ID тіркелгіңізге кіріңіз.
Generate Password түймесін (App-Specific Passwords түймесінің төменгі жағында) түртіңіз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қолданбаға арналған құпия сөзді жасағаннан кейін әдеттегідей оны қолданбаның құпия сөз өрісіне енгізіңіз немесе қойыңыз.
Қосымша ақпаратты Қолданбаға арналған құпия сөздерді пайдалану атты Apple Support мақаласынан қараңыз.