iPhone құрылғысында AssistiveTouch параметрін пайдалану
Calculator қолданбасында негізгі арифметикалық есептеулерді стандартты калькулятормен орындауыңызға болады. Не болмаса, экспоненциалдық, логарифмдік және тригонометрлік функциялар үшін ғылыми калькуляторды пайдаланыңыз.
Siri к-нен сұрау. Мына сөздер сияқты бірнәрсені айтыңыз: «What’s 74 times 9?» немесе «What’s 18 percent of 225?» Siri көмекшісінен сұрау жолын үйреніңіз.

Ғылыми калькуляторды пайдалану
iPhone құрылғысын альбомдық бағдарға бұрыңыз.

Сандарды көшіру, жою немесе тазалау
Есептеу нәтижесін көшіру: Дисплейде есептеу нәтижесін басып тұрыңыз, Copy түймесін түртіңіз, одан кейін нәтижені жазба немесе хабар сияқты басқа бір жерге қойыңыз.
Соңғы санды жою: Санды енгізген кезде қате жіберсеңіз, жоғарыдағы дисплейде солға немесе оңға сипаңыз.
Дисплейді тазалау: Соңғы жазбаны жою үшін Clear (C) пернесін басыңыз, ал барлық жазбаларды жою үшін All Clear (AC) пернесін түртіңіз.