iPhone құрылғысындағы Safari қолданбасында пішіндерді автоматты түрде толтыру
Safari қолданбасында несие картасының ақпаратын, контакт ақпаратын және пайдаланушы аттары мен құпия сөздерді автоматты түрде толтыру үшін AutoFill параметрін пайдаланыңыз.
Пішінді толтыру
Пернетақтаны шығару үшін өрісті түртіңіз.
Өрістен өріске жылжу үшін пернетақтаның үстіңгі жағындағы
түймесін немесе
түймесін түртіңіз.
Контакт ақпаратыңызды автоматты түрде толтыру
AutoFill мүмкіндігін қолдайтын веб-торапта контакт ақпаратын толтырғанда пернетақтаның жоғарғы жағындағы AutoFill Contact түймесін түртіңіз.
Ақпаратты өңдеу және келесі уақытқа сақтау үшін Customize түймесін түртіңіз. Не болмаса, баса біреудің ақпаратын толтыру үшін Other Contact түймесін түртіңіз.
Сатып алулар үшін несие картасын қосу
Settings
> Safari > AutoFill > Saved Credit Cards > Add Credit Card тармағына өтіңіз.
Мәліметтерді терусіз енгізу үшін Use Camera түймесін түртіңіз, одан кейін iPhone құрылғысын карта жақтауда пайда болатындай етіп ұстаңыз.
Сондай-ақ, онлайн сауда жасаған кезде несие картасының ақпаратын сақтауыңызға болады. iPhone және iCloud Keychain көмегімен құпия сөздеріңізді барлық құрылғыларыңызда қолжетімді ету бөлімін қараңыз.
Несие картаңыздың мәліметтерін пайдалану
Несие картасының ақпаратын толтырғанда пернетақтаның жоғарғы жағындағы AutoFill Credit Card түймесін түртіңіз.
Картаңыздың қауіпсіздік кодын енгізіңіз (қауіпсіздік мақсаттар үшін бұл код сақталмайды—картаны пайдаланған сайын оны қолмен енгізуіңіз керек).
Несие картасы ақпаратының күштірек қауіпсіздігі үшін iPhone құрылғысының құпия кодын пайдаланыңыз.
Пішінді жіберу
Go, Search түймесін немесе веб-беттегі сілтемені түртіңіз.
AutoFill параметрін өшіру
Контактіңіздің немесе несие картаңыздың ақпараты мен құпия сөздер үшін AutoFill параметрін өшіруіңізге болады.
Контактіңіздің немесе несие картаңыздың ақпараты үшін AutoFill параметрін өшіріңіз: Settings
> Safari > AutoFill тармағына өтіңіз, одан кейін екі параметрдің біреуін өшіріңіз.
Құпия сөздер үшін AutoFill параметрін өшіріңіз: Settings > Passwords тармағына өтіңіз, одан кейін AutoFill Passwords параметрін өшіріңіз.