iPhone құрылғысында хабарларды AirPods құлақаспаптарымен тыңдау және оларға жауап беру
Announce Messages параметрімен хабарларыңызды AirPods құлақаспаптарыңызбен (AirPods 1-буында қолжетімді емес; AirPods Max үшін iOS 14.3 немесе одан кейінгі жүйе керек) тыңдай аласыз. iPhone құрылғыңыз құлыптаулы кезде, AirPods құлақаспабыңыз оған қосулы болса және хабар келсе, сигнал шығады және Siri хабарды оқуды бастайды.
Хабарға жауап беру
«Reply that’s great news» сияқты бірнәрсе айтыңыз.
Siri айтқан нәрсеңізді қайталайды, одан кейін жауабыңызды жіберместен бұрын растауыңызды өтінеді. (Жауаптарды растауды күтпестен жіберу үшін Settings > Siri & Search > Announce Messages тармағына өтіңіз, одан кейін Reply without Confirmation параметрін қосыңыз.)
Siri көмекшісінің хабарды оқуын тоқтату
Келесі әрекеттердің кез келгенін орындауыңызға болады:
«Stop» немесе «Cancel» сияқты бірнәрсе айтыңыз.
Digital Crown дөңгелегін (AirPods Max) басыңыз.
Ескертпе: Хабарды тыңдап жатқанда, дыбыс деңгейін өзгерту үшін Digital Crown дөңгелегін бұрауыңызға болады.
«Қысым сенсоры» (AirPods Pro) біреуін басыңыз.
AirPods құлақаспаптарының біреуін екі рет түртіңіз (2-буын).
AirPods құлақаспаптарыңыздың біреуін шығарып алыңыз (AirPods Pro және AirPods 2-буын).
AirPods құлақаспабыңызды орнатқан кезде Announce Messages параметрін қоспаған болсаңыз, Settings > Siri & Search > Announce Messages тармағына өтіңіз, одан кейін Announce Messages with Siri параметрін қосыңыз.