iPhone құрылғысында радио тыңдау
Music қолданбасында Apple Music радиосын Radio қойындысында тыңдай аласыз. Apple Music радиосы үш дүниежүзілік радиостанцияны (Apple Music 1, Apple Music Hits және Apple Music Country), ең соңғы музыканы және эксклюзивті сұхбаттарды қамтиды. Сондай-ақ, музыка эксперттері жасаған дайын станцияларды тыңдауыңызға және таңдаған әндеріңізден немесе әншілеріңізден жеке теңшелетін станцияларды жасауыңызға болады.
Apple Music радиосын тыңдау
Radio белгішесін түртіңіз, одан кейін қазір ойнатылып тұрған Apple Music радио станцияларының біреуін түртіңіз—Apple Music 1, Apple Music Hits немесе Apple Music Country. Apple Music 1 радиосын тыңдау үшін ешқандай жазылым керек емес.
Ескертпе: Apple Music радио станциялары тікелей эфирдегі радио болғандықтан, оны кері айналдыру немесе әндерді өткізу мүмкін емес.
Таңдаулы музыка жанрыңызды тыңдау
Radio түймесін түртіңіз, одан кейін More to Explore түймесінің төменгі жағында тізімделген жанрды түртіңіз.
Дайын станцияны түртіңіз.
Станция жасау
Радио станцияны нақты әншіге немесе әнге негіздеп жасауыңызға болады. Сол әншіні немесе әнді ұнатсаңыз, станция ойнатқан музыканы да ұнататыныңыз анық.
Әншіні немесе әнді басып тұрыңыз.
Create Station түймесін түртіңіз.
Now Playing тізімінде станция жасау үшін түймесін түртіңіз, одан кейін Create Station түймесін түртіңіз.