iPad құрылғысында Apple Intelligence арқылы хабарландыруларды жинақтау және мазалайтын факторларды азайту
Тілді терең түсінетіндіктен, Apple Intelligence* сізге ең маңызды ақпаратты қысқартып жинап бере алады. Хабарландырулар оларда негізгі мәліметтерді іздеу мүмкін болатындай етіп жинақталады, мысалы, топ чаттары белсенді болады. Сондай-ақ «Мазалауды азайту - Зейін қою» дереу назар аударуды қажет ететін хабарландыруларды ғана, мысалы, балабақшадан ерте алып кету туралы мәтіндік хабарды көрсетеді.
Ескертпе: Apple Intelligence функциясын M1 немесе одан кейінгі процессоры бар iPad үлгілеріндегі және iPad mini (A17 Pro) құрылғысындағы iPadOS 18.1 немесе одан кейінгі жүйеде пайдалануға болады. Егер сіз ЕО-да болсаңыз және Apple аккаунтыңыздың елі немесе аймағы да ЕО-да болса, Apple Intelligence функциясын iPhone және iPad құрылғыларында қолдану мүмкін болмайды. Apple Intelligence функциясының құрылғыңыз бен тіліңіз үшін қол жетімді екенін тексеру үшін Apple Intelligence талаптары атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Хабарландыру жинақтамаларын бейімдеу
Apple Intelligence функциясын бірінші рет қосқанда, жинақтағыңыз келетін хабарландырулардың түрлерін таңдауыңызға болады. Бұл реттеулерді кейнірек бейімдеуіңізге де болады.
«Реттеулер»
тармағына өтіңіз, одан кейін «Хабарландырулар» түймесін түртіңіз.
«Хабарландыруларды жинақтау» параметрін қосыңыз, одан кейін жинақтағыңыз келетін хабарландыруларды түртіңіз.
Хабарландырулардң қысқаша мазмұнын қосыңыз немесе өшіріңіз
iPad құрылғыңыз ұзын немесе жиылған хабарландыруларды жинақтап, осылайша оларды бір қарағанда-ақ оңайырақ түсінуге болады.
«Реттеулер»
тармағына өтіңіз, одан кейін «Хабарландырулар» түймесін түртіңіз.
«Хабарландыруларды жинақтау» функциясын қосыңыз немесе өшіріңіз.
«Мазалауды азайту - Зейін қою» функциясын пайдалану

«Мазалауды азайту - Зейін қою» функциясы хабарландыруларыңыздың мазмұнын түсініп, сізге ең маңыздыларын көрсетеді, бірақ маңызы азырақ хабарландырулардың дыбысын өшіреді.
Азайтылған үзілістер фокусын бейімдеуіңізге болады.
«Реттеулер»
> «Зейін қою» тармағына өтіңіз.
Жоғарғы оң жақтағы
түймесін түртіңіз, одан кейін «Мазалауды азайту» түймесін түртіңіз.
«Зейінді бейімдеу» түймесін түртіңіз, одан кейін «Адамдар» немесе «Қолданбалар» опциясын түртіңіз.
Ескертпе: Кез келген «Зейін қою» режимі үшін «Ақылды айналып өту және дыбысты өшіру» параметрін қосқан кезде, арнайы рұқсат етілген немесе дыбысы өшірілген хабарландырулардың барлығына әрдайым рұқсат етіледі немесе дыбыс өшірулі болады.