iPadOS 18
iPad құрылғысындағы «Музыка» қолданбасында ортақ плейлистке реакция қосу
Егер Apple Music сервисіне жазылсаңыз және ортақ плейлистке қосылсаңыз, плейлисттегі әндерге эмодзимен реакция білдіруіңізге болады.
Ескертпе: Apple Music қызметі барлық елде немесе аймақта бола бермейді. Apple медиа сервистерінің қолжетімділігі атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
iPad құрылғыңызда «Музыка» қолданбасына
өтіңіз.
Ортақ плейлистті түртіңіз, содан кейін «Қазір ойнатылуда» экранын ашу үшін Миниплеерді түртіңіз.
түймесін түртіңіз, содан кейін бір реакцияны (мысалы, бас бармақты көтеріп тұрған эмодзи) таңдаңыз немесе нақты бір эмодзиді табу үшін
түймесін түртіңіз.