iPad құрылғысындағы «Сурет ішіндегі сурет» технологиясымен көп тапсырма орындау
«Сурет ішіндегі сурет» функциясымен басқа қолданбаларды пайдалану кезінде видео қарауыңызға немесе FaceTime қолданбасын пайдалануыңызға болады.
FaceTime қоңырауы кезінде немесе видео қарау кезінде түймесін түртіңіз немесе «Басты бет» түймесін басыңыз («Басты бет» функциясы бар iPad құрылғысында).
Басты экранды көре алуыңыз үшін және басқа қолданбаларды аша алуыңыз үшін видео терезесі экраныңыздың бұрышына дейін масштабталады. Видео терезесі көрсетіліп тұрғанда келесі әрекеттердің кез келгенін орындауыңызға болады:
Видео терезесінің өлшемін өзгерту: Кішкентай видео терезесін үлкендету үшін түйістіріп ашыңыз. Оны қайтадан кішірейту үшін түйістіріңіз.
Басқару элементтерін көрсету және жасыру: Видео терезесін түртіңіз.
Видео терезесін жылжыту: Оны экранның басқа бұрышына сүйреңіз.
Видео терезесін жасыру: Оны экранның сол немесе оң жақ шетінен тыс жерге сүйреңіз.
Видео терезесін жабу:
түймесін түртіңіз.
Толық видео экранына оралу: Кішкентай видео терезесіндегі
түймесін түртіңіз.