iPad құрылғысында қолданбаның бақылау рұқсаттарын басқару
Барлық қолданбалардан сізді немесе iPad құрылғыңызды басқа компаниялардың иелігіндегі веб-сайттарда немесе қолданбаларда жарнамалау немесе ақпаратыңызды деректер брокерлерімен бөлісу мақсатында бақыламастан бұрын сіздің рұқсатыңызды сұрау талап етіледі. Қолданбаға рұқсат бергеннен немесе тыйым салғаннан кейін рұқсатты кейінірек өзгерте аласыз. Барлық қолданбалардың рұқсат сұрауын тоқтатуыңызға да болады.
Қолданбаның сізді бақылау рұқсатын қарап шығу немесе өзгерту
«Реттеулер»
> «Құпиялылық және қауіпсіздік» > «Қадағалау» тармағына өтіңіз.
Тізім сізді бақылау рұқсатын сұраған қолданбаларды көрсетеді. Тізімдегі кез келген қолданба үшін рұқсатты қосуыңызға немесе өшіруіңізге болады.
Барлық қолданбалардың сізді бақылауға рұқсат сұрауын тоқтату үшін «Қолданбалардың трекинг сұраулары» параметрін (экранның жоғарғы жағында) өшіріңіз.
Қолданбаны бақылау туралы қосымша ақпарат алу үшін экранның жоғарғы жағына жақын тұрған «Толығырақ ақпарат алу» түймесін түртіңіз.