iPad құрылғысында «Отбасылық қол жеткізу» тобынан шығу немесе мүшені жою
Отбасылық қол жеткізу тобында ұйымдастырушы мүшелерді жоя немесе топты тарата алады, отбасы мүшелері (ата-аналық бақылаулары бар жасөспірімдер немесе балалар) өздерін жоя алады.
«Отбасылық қол жеткізу» мүшелерінің түрлері туралы мәліметтер алыңыз.
Отбасы тобынан мүшені жою
«Отбасылық қол жеткізу» тобының ұйымдастырушысы басқа мүшелерді жоя алады. Отбасы мүшесі жойылған кезде, олар ортақ жазылымдарға және басқа мүшелер сатып алған мазмұнға қол жеткізу рұқсатын бірден жоғалтады.
«Реттеулер»
> «Отбасы» тармағына өтіңіз.
«[мүшенің аты]» түймесін түртіңіз, одан кейін «[мүшенің аты] атты пайдаланушыны отбасыдан жою» түймесін түртіңіз.
Баланы «Отбасылық қол жеткізу» тобынан жоя алмайсыз. Дегенмен, оларды басқа топқа көшіруіңізге немесе олардың Apple аккаунтын жоюыңызға болады. «Отбасылық қол жеткізу» функциясын пайдаланып баланы басқа топқа жылжыту Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Жасөспірім үшін «Экран уақыты» реттеуін қоссаңыз, оларды топтан жоймастан бұрын «Экран уақыты» реттеулерін өшіруіңіз керек. Отбасы мүшесі үшін «Экран уақыты» функциясын баптау бөлімін қараңыз.
«Отбасылық қол жеткізу» тобынан шығу
«Отбасылық қол жеткізу» тобынан шыққан кезіңізде, сатып алуларыңыз бен жазылымдарыңызды отбасы мүшелерімен бөлісуді тоқтатасыз және олар бөліскен барлық мазмұнға қол жеткізу рұқсатын бірден жоғалтасыз.
Ескертпе: Ұйымдастырушы «Отбасылық қол жеткізу» тобынан шыға алмайды. Ұйымдастырушыны өзгерткіңіз келсе, топты таратып, басқа ересек адамға жаңа топ жасатуыңыз керек.
«Реттеулер»
> «Отбасы» тармағына өтіңіз.
[атыңыз] түймесін түртіңіз, одан кейін «Отбасылық қол жеткізуді тоқтату» түймесін түртіңіз.
«Отбасылық қол жеткізу» тобын тарату
Отбасы ұйымдастырушысы «Отбасылық қол жеткізу» параметрін өшірген кезде, барлық отбасы мүшелері топтан бір уақытта алып тасталады. «Отбасылық қол жеткізу» тобы таратылған кезде, барлық мүшелер ортақ мазмұн мен жазылымдарға қол жеткізу рұқсатын бірден жоғалтады.
Ескертпе: Бала «Отбасылық қол жеткізу» тобында болса, ұйымдастырушы оларды басқа топқа жылжытуы немесе топты таратпастан бұрын олардың Apple аккаунтын жоюы тиіс. «Отбасылық қол жеткізу» функциясын пайдаланып баланы басқа топқа жылжыту Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
«Реттеулер»
> «Отбасы» тармағына өтіңіз.
[атыңыз] түймесін түртіңіз, одан кейін «Отбасылық қол жеткізуді тоқтату» түймесін түртіңіз.