iPad құрылғысындағы «Денсаулық» қолданбасында ұйқы журналыңызды қарау
Ұйқы деректері ұйқы әдеттеріңіздің көрінісін береді.
Ұйқы деректерін алу үшін iPhone құрылғысында ұйқы трекерін немесе мониторын пайдалануыңызға, ұйқы кестесін баптауыңызға және iPhone құрылғысына төсектегі уақытыңызды бағалауға мүмкіндік беруіңізге немесе iPad құрылғыңызда деректерді қолмен қосуыңызға болады.
Siri: Қолдау көрсетілген үлгілерде келесі сияқты бірнәрсе айтыңыз: «How much did I sleep last night?» Барлық елдерде немесе аймақтарда қолжетімді бола бермейді. Siri көмекшісін пайдалану жолын үйреніңіз.

iPad құрылғыңызда «Денсаулық» қолданбасына
өтіңіз.
түймесін, одан кейін «Ұйқы» түймесін түртіңіз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Ұйқы деректерін апта немесе ай бойынша қарау: Экранның жоғарғы жағындағы қойындыны түртіңіз.
Сызбада көрсетілген уақыт аралығын өзгерту: Сызбаны солға немесе оңға сырғытыңыз.
Күннің мәліметтерін қарау: Күн бағанын түртіңіз.
Ұйқы деректерін қолмен қосу: Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Дерек қосу» түймесін түртіңіз.
Жиынтықты ұйқы деректерін алу: «Медициналық деректерді толығырақ көрсету» түймесін түртіңіз.