iPad құрылғысындағы ғылыми калькуляторды пайдалану
Экспоненциалдық, логарифмдік және тригонометриялық функциялар үшін ғылыми калькуляторды пайдалануыңызға болады. Сондай-ақ түпкі жауапты алу үшін теңдік белгісін түрту алдында жақшалары, тригонометриясы және бірнеше амалы бар толық есептеулерді көруіңізге болады.
Ескертпе: «Калькулятор» қолданбасы стандартты амалдар ретін қолданады. Мысалы, көбейту амалы қосу мен азайтудан бұрын орындалады. Есептеп шығарылатын өрнектерді алдымен жақшаға алыңыз.

Ғылыми калькуляторға ауысу
iPad құрылғыңызда «Калькулятор» қолданбасына
өтіңіз.
түймесін, одан кейін «Ғылыми» опциясын түртіңіз.
Сақталған мәндермен жұмыс істеу
iPad құрылғыңызда «Калькулятор» қолданбасына
өтіңіз.
түймесін, одан кейін «Ғылыми» опциясын түртіңіз.
Есеп шығарып жатқанда, мына әрекеттердің кез келгенін орындауыңызға болады:
Экрандағы мәнді жадқа қосу: m+ түймесін түртіңіз.
Экрандағы мәнді жадтан шығару: m- түймесін түртіңіз.
Жадқа сақталған мәнді қайтарып алу: mr түймесін түртіңіз.
Жадқа сақталған мәнді өшіру: mc түймесін түртіңіз.
Экспоненциалдық және логарифмдік функцияларды немесе символды пайдалану
iPad құрылғыңызда «Калькулятор» қолданбасына
өтіңіз.
түймесін, одан кейін «Ғылыми» опциясын түртіңіз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Мәннің квадратын табу: Санды енгізіп, «x2» пернесін, одан кейін «=» пернесін түртіңіз.
Мәннің үшінші дәрежесін табу: Санды енгізіп, «x3» пернесін, одан кейін «=» пернесін түртіңіз.
Мәннің y дәрежесін табу: Дәреженің негізін енгізіп, «xy» пернесін түртіп, y мәнін енгізіңіз, одан кейін «=» пернесін түртіңіз.
e санының x дәрежесін табу: ex пернесін түртіп, x мәнін енгізіңіз, одан кейін «=» пернесін түртіңіз.
10 санының x дәрежесін табу: «10x» пернесін түртіп, x мәнін енгізіңіз, одан кейін «=» пернесін түртіңіз.
Кеңес: «×» және «10x» пернелерін басудың орнына, ғылыми символды пайдалану пәрмені ретінде «EE» пернесін түртіңіз.
Кері функцияларды қолдану үшін дәл сол пернелердің астындағы пернелерді пайдаланыңыз: квадрат түбірі, үшінші дәреженің түбірі, y дәрежесінің түбірі, натурал логарифм және логарифм.
Қосымша функцияларға (мысалы, yx немесе 2 санының дәрежелері) қол жеткізу үшін жоғарғы сол жаққа жақын тұрған «2nd» пернесін түртіңіз.
Тригонометриялық және гиперболалық функцияларды пайдалану
iPad құрылғыңызда «Калькулятор» қолданбасына
өтіңіз.
түймесін, одан кейін «Ғылыми» опциясын түртіңіз.
Келесілердің кез келгенін табыңыз:
Синус: «sin» пернесін түртіп, бір санды енгізіңіз, одан кейін «=» пернесін түртіңіз.
Косинус: «cos» пернесін түртіп, бір санды енгізіңіз, одан кейін «=» пернесін түртіңіз.
Тангенс: «tan» пернесін түртіп, бір санды енгізіңіз, одан кейін «=» пернесін түртіңіз.
Гиперболалық синус: «sinh» пернесін түртіп, бір санды енгізіңіз, одан кейін «=» пернесін түртіңіз.
Гиперболалық косинус: «cosh» пернесін түртіп, бір санды енгізіңіз, одан кейін «=» пернесін түртіңіз.
Гиперболалық тангенс: «tanh» пернесін түртіп, бір санды енгізіңіз, одан кейін «=» пернесін түртіңіз.
Бұлардың кері функцияларына (мысалы, арксинус немесе арктангенс) қол жеткізу үшін жоғарғы сол жаққа жақын тұрған «2nd» пернесін түртіңіз.
Радиандарды немесе градустарды пайдалану
Ғылыми калькуляторда әдепкі күйде градустар пайдаланылады.
iPad құрылғыңызда «Калькулятор» қолданбасына
өтіңіз.
түймесін, одан кейін «Ғылыми» опциясын түртіңіз.
Радиандарға ауысу үшін «Rad» пернесін түртіңіз.
Градустардың орнына радиандарды пайдаланған кезде, дисплейдің төменгі сол жағында «Rad» белгісі көрсетіледі, ал «Rad» пернесі «Deg» пернесіне айналады.
Градустарға кері ауысу үшін «Deg» пернесін басыңыз.
iPad құрылғыңызды тігінен (кітаптық режимде) ұстап тұрғанда, «Rad/Deg» пернесі дәл «÷» пернесінің үстінде орналасады. Оны көлденеңінен (альбомдық режимде) ұстап тұрғанда, «Rad/Deg» пернесі төменгі ортаға жақын болады.
0 және 1 арасында кездейсоқ сан жасау
iPad құрылғыңызда «Калькулятор» қолданбасына
өтіңіз.
түймесін, одан кейін «Ғылыми» опциясын түртіңіз.
«Rand» пернесін түртіңіз.
iPad құрылғыңызды тігінен (кітаптық режимде) ұстап тұрғанда, «Rand» пернесі дәл «AC» пернесінің үстінде орналасады. Оны көлденеңінен (альбомдық режимде) ұстап тұрғанда, «Rand» пернесі нөл санының сол жағында болады.