iPad құрылғысында тінтуір реттеулерін өзгерту
Тінтуірді iPad экранындағы элементтермен өзара әрекеттесу үшін пайдалану жолыңызды өзгерте аласыз.
«Реттеулер»
> «Жалпы» тармағына өтіңіз, одан кейін «Трекпад және тінтуір» реттеуін таңдаңыз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Бақылау жылдамдығын өзгерту: Көрсеткішті экранда жылжытқанда оның бақылау жылдамдығын орнату үшін слайдерді сүйреңіз.
«Кәдімгі айналдыру» параметрін қосу немесе өшіру: Бұл опция таңдалып тұрғанда экрандағы мазмұн саусағыңыздың бағытында жылжиды.
Қосымша басу үшін пайдаланатын саусақты көрсету: Басты экрандағы белгішелер, пошта жәшігіндегі хабарлар және Басқару орталығындағы «Камера» түймесі сияқты элементтерді басқан кезде жылдам әрекеттер мәзірін көрсету үшін оң немесе сол қолдың саусағын көрсетуіңізге болады. «Қосымша басу» параметрін өшіру үшін «Өшіру» параметрін таңдаңыз (Magic Mouse 2).
Ескертпе: Түсі, кескіні және өлшемі сияқты көрсеткіштің көрінісін өзгертуіңізге де болады. Тінтуірді немесе трекпадты iPad құрылғысымен пайдалану кезінде меңзерді оңай көрінетін ету бөлімін қараңыз.