Бұл басқару элементін өзгерту бұл бетті автоматты түрде жаңартады
iPad құрылғысында «Ұйқыға зейін қою» режиміңізді қосу немесе өшіру
«Ұйқыға зейін қою» режиміңізді жылдам қосу немесе өшіру
Басқару орталығын ашыңыз, «Зейін қою» түймесін, одан кейін «Ұйқы» түймесін түртіңіз.
«Ұйқыға зейін қою» мүмкіндігі келесі жоспарланған ұйықтау немесе ояну уақытында қайта қосылады немесе өшеді.
«Ұйқыға зейін қою» реттеулеріңізді басқа құрылғыларыңызбен бөлісу үшін «Барлық құрылғыда ортақ пайдалану» реттеуінің қосылғанын тексеріңіз. «Реттеулер» > «Зейін қою» > «Құрылғылар арасында бөлісу» тармағына өтіңіз.