iPad құрылғыңыз бен компьютеріңізде файлдарыңызды iCloud көмегімен автоматты түрде жаңартып отырыңыз
Файлдарды, фотоларды, видеоларды және т.б. iCloud жүйесінде сақтауыңызға болады, сонда оларға қол жеткізіп, оларды барлық құрылғыларыңызда синхрондалған күйде сақтай аласыз. iCloud жүйесіне кірген құрылғыдағы файлға жасаған кез келген өзгерту жүйеге кірген барлық құрылғыларда көрсетіледі.
Сондай-ақ қолдау көрсетілетін веб-браузерді пайдалану арқылы iCloud қызметіндегі ақпаратқа кез келген жерден қол жеткізуіңізге болады. iCloud қызметіне арналған жүйе талаптары бөлімін қараңыз.
Маңызды: OS X 10.10 (немесе одан кейінгі) немесе Windows 7 (немесе одан кейінгі) жүйесі қажет. iPad құрылғыңыз бен компьютеріңізде, сонымен қатар қолдануыңыз мүмкін барлық веб-браузерде Apple аккаунтыңызға кіруіңіз керек.
iPad құрылғыңызда iCloud қызметін баптау
iPad құрылғыңызда «Реттеулер»
> [атыңыз] тармағына өтіңіз.
Атыңызды көрмесеңіз, «Apple аккаунты» түймесін түртіңіз, Apple аккаунтыңыздың электрондық пошта мекенжайын немесе телефон нөміріңізді, одан кейін құпиясөзіңізді енгізіңіз.
iCloud түймесін түртіңіз, одан кейін ол жерде сақтағыңыз келетін элементтерді қосыңыз.
Мысалы, iCloud Drive ішіндегі файлдарды компьютерге қолжетімді ету үшін iCloud Drive параметрін қосыңыз.
Mac компьютеріңізге iCloud қызметін баптау
Mac компьютерінде iCloud мүмкіндіктерін баптау үшін Mac компьютерінің пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз.
iPad үшін қосқан элементтеріңізді қосыңыз.
Windows құрылғыңызда iCloud қызметін баптау
iCloud қызметін баптау үшін Windows пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларды орындаңыз.
iPad үшін қосқан элементтеріңізді қосыңыз, одан кейін «Қолдану» түймесін басыңыз.
iCloud электрондық пошта аккаунтымен және деректеріңіз үшін 5 ГБ тегін сақтау орнымен келеді. Қосымша сақтау орны мен қосымша мүмкіндіктер үшін iPad құрылғысында iCloud+ қызметіне жазылуыңызға болады.
Ескертпе: Кейбір iCloud мүмкіндіктерінде минималды жүйе талаптары бар. iCloud барлық аймақтарда қолжетімді болмауы мүмкін және iCloud мүмкіндіктері аймаққа қарай әртүрлі болуы мүмкін. iCloud үшін жүйе талаптары атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз. Мүмкіндіктер туралы ақпарат алу үшін apple.com/icloud/ сайтына өтіңіз.