iPad құрылғысындағы «Диктофон» қолданбасында жазба жасау
iPad құрылғысын жеке жазбаларды, сыныптағы лекцияларды, музыкалық идеяларды және т.б. жазу үшін портативті жазу құрылғысы ретінде пайдалануыңызға болады. Жазбаларыңызды кесу, ауыстыру және жалғастыру сияқты өңдеу құралдарымен дәл реттеуіңізге болады.
Дауыстық жазбаларды кірістірілген микрофонды, қолдау көрсетілген гарнитураны немесе сыртқы микрофонды пайдаланып жазыңыз.
«Диктофон» реттеуі iCloud реттеулерінде немесе iCloud теңшелімдерінде қосылған кезде, жазбаларыңыз бірдей Apple аккаунтына кірген iPhone, iPad құрылғыларыңызда және Mac компьютеріңізде автоматты түрде пайда болады және жаңартылады.

Негізгі жазба жасау
iPad құрылғыңызда «Диктофон» қолданбасына
өтіңіз.
Жазуды бастау үшін
түймесін түртіңіз.
Жазбаның дыбыс деңгейін реттеу үшін микрофонды жазып жатқан нәрсеңізге жақынырақ немесе одан алысырақ жылжытыңыз.
Жазуды аяқтау үшін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Жазбаңыз «Жаңа жазба» атауымен немесе «Геолокация сервистері» реттеуі «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» тармағында қосылған жағдайда орныңыздың атауымен сақталады. Атауды өзгерту үшін жазбаны түртіңіз, одан кейін атауды түртіңіз және жаңа біреуін теріңіз.
Жазбаңызды дәл реттеу үшін Жазбаны өңдеу бөлімін қараңыз.
Ескертпе: Құпиялылығыңыз үшін жазбалар жасау мақсатында «Диктофон» мүмкіндігін пайдаланғанда, микрофонның қолданыста екенін білдіру үшін экранның жоғарғы жағында қызғылт сары нүкте пайда болады.
Стерео дыбыста жазу
«Диктофон» қолданбасында стерео дыбыста жазуыңызға болады.
«Реттеулер»
> «Қолданбалар» > «Диктофон» тармағына өтіңіз.
«Стерео жазба» реттеуін қосыңыз.
«Стерео жазба» реттеуі қосулы кезде, «Диктофон» iPad құрылғыңыздағы көп микрофондарды пайдаланып және оң жақ және сол жақ дыбыс арналарымен жазады. Жазбаны құлаққап арқылы тыңдасаңыз, әртүрлі микрофондардан әртүрлі дыбыстар естисіз; дегенмен толқын пішінінің дисплейі бұрынғысынша көрінеді.
Ескертпе: «Стерео жазба» реттеуі барлық құрылғыларда қолжетімді емес.
Кеңейтілген жазу мүмкіндіктерін пайдалану
Жазу кезінде жазбаны уақытша тоқтату және жалғастыру арқылы бөліктермен жасауыңызға болады.
iPad құрылғыңызда «Диктофон» қолданбасына
өтіңіз.
Жазуды бастау үшін
түймесін түртіңіз.
Жазбаның дыбыс деңгейін реттеу үшін микрофонды жазып жатқан нәрсеңізге жақынырақ немесе одан алысырақ жылжытыңыз.
Жазу кезінде қосымша мәліметтерді көру үшін толқын пішінінің жоғарғы жағынан жоғары қарай сырғытыңыз.
Жазуды тоқтату үшін
түймесін түртіңіз; жалғастыру үшін «Жалғастыру» түймесін түртіңіз.
Жазбаңызды қарап шығу үшін
түймесін түртіңіз.
Ойнату басталатын жерді өзгерту үшін
түймесін түртпестен бұрын ойнату басын экранның төменгі жағындағы кішкентай толқын пішінінде оңға немесе солға сүйреңіз.
Жазбаны сақтау үшін «Дайын» түймесін түртіңіз.
Жазбаңыз «Жаңа жазба» атауымен немесе «Геолокация сервистері» реттеуі «Реттеулер» > «Құпиялылық және қауіпсіздік» тармағында қосылған жағдайда орныңыздың атауымен сақталады. Атауды өзгерту үшін жазбаны түртіңіз, одан кейін атауды түртіңіз және жаңа біреуін теріңіз.
Жазбаңызды дәл реттеу үшін Жазбаны өңдеу немесе жою бөлімін қараңыз.
Бастау және тоқтату дыбыстарын өшіру
Жазу кезінде дыбыс деңгейін толығымен төмендету үшін iPad дыбыс деңгейін төмендету түймесін пайдаланыңыз.
Жазу кезінде басқа қолданбаны пайдалану
Жазып жатқанда қолданба iPad құрылғыңызда дыбыс ойнатпаса басқа қолданбаны пайдалана аласыз.
iPad құрылғыңызда «Диктофон» қолданбасына
өтіңіз.
Жазуды бастау үшін
түймесін түртіңіз.
Жазу кезінде басты экранға өтуіңізге және басқа қолданбаны ашуыңызға болады.
Басқа қолданба дыбыс ойнатуды бастаса, «Диктофон» жазуды тоқтатады.
«Диктофон» қолданбасына оралу үшін экранның жоғарғы жағындағы қызғылт сары белгішені түртіңіз.
«Диктофон» реттеуі iCloud реттеулерінде немесе теңшелімдерінде қосылған болса, жазбаларыңыз iCloud қызметінде сақталады және бірдей Apple аккаунтына кірген iPhone, iPad құрылғыларыңызда және Mac компьютеріңізде автоматты түрде пайда болады.
Кірістірілген микрофон пайдаланылып жасалған жазбалар біркелкі, бірақ iPad құрылғысымен жұмыс істейтін сыртқы стерео микрофонды пайдаланып стереоны жаза аласыз. Apple «Made for iPad» немесе «Works with iPad» логотипімен белгіленген қосалқы құралдарды іздеңіз.