iPhone құрылғысында Wallet және Apple Pay реттеулерін өзгерту
«Реттеулер» қолданбасында «Wallet» қолданбасы және Apple Pay үшін теңшелімдеріңізді реттеуіңізге болады.
Wallet және Apple Pay реттеулеріңізді теңшеңіз
«Реттеулер»
> «Wallet және Apple Pay» тармағына өтіңіз.
Келесі параметрлердің кез келгенін реттеңіз:
Геолокация: Өзіңіз бөлісетін геолокация ақпаратын басқарыңыз.
Siri және іздеу: Siri көмекшісіне «Wallet және Apple Pay» функциясын пайдалану жолыңыздың негізінде қолданбаларда ұсыныстар жасауына рұқсат етіңіз. «Wallet және Apple Pay»қызметінен ұсыныстар мен контенттің Іздеу өрісінде және виджеттерде пайда болуына рұқсат етуіңізге де болады.
Хабарландырулар: Хабарландыру реттеулерін өзгерту.
Нақты уақыттағы әрекеттер: Құлыптау экранында Нақты уақыттағы әрекеттерді қосыңыз немесе өшіріңіз.
Ұялы деректер: Ұялы байланыс деректерін қолдану реттеуін қосыңыз немесе өшіріңіз.
Apple Cash: Apple Cash функциясын қосыңыз немесе өшіріңіз.
Бүйірлік түймені екі рет басу: (Face ID функциясы бар iPhone құрылғысында) Карталарыңыз бүйірлік түймені екі рет басқан кезіңізде экранда пайда болады.
«Басты бет» түймесін екі рет басу: («Басты бет» түймесі бар iPhone құрылғысында) Карталарыңыз «Басты бет» түймесін екі рет басқан кезіңізде экранда пайда болады.
Жарамдылық мерзімі аяқталған карталарды жасыру: Ескі рұқсатнамаларды мұрағаттау үшін қосыңыз.
Экспресс көлік картасы: Аутентификацияны қажет етпестен қоғамдық көлік үшін автоматты түрде төлеу үшін картаны таңдаңыз. Экспресс режимді Apple Wallet қолданбасында қоғамдық көлік карталарымен, рұқсатнамалармен және кілттермен пайдалану атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Транзакцияның әдепкі параметрлері: Қолданбалар мен интернеттегі Apple Pay үшін әдепкі ақпаратыңызды енгізіңіз.
Кейінірек төлеу: Apple Pay арқылы төлеген кезіңізде Wallet қолданбасындағы карталарыңыздан қолжетімді төлем параметрлерін көрсетеді.
Бонустар: Apple Pay арқылы төлеген кезіңізде Wallet қолданбасындағы карталарыңыздан бонустарды көрсетеді.
Үйлесімді карталар: Safari Авто толтыру терезесіне сақталған карталарыңыздың Apple Pay функциясымен үйлесімділігін тексереді және оларды Wallet қолданбасында пайдалануыңызға рұқсат береді.
Mac арқылы төлеу: iPhone құрылғысына төлемдерді жақын Mac компьютеріңізде растауға рұқсат етеді.
Wallet қолданбасына тапсырыстар қосу: Қатысушы сатушылардан тапсырыстар Wallet қолданбаңызға тапсырысты қадағалау үшін автоматты түрде қосылады.
Тапсырыс хабарландыруы: Тапсырысты қадағалау үшін хабарландырулар алыңыз.
Басқа Pay Later опциялары: Apple Pay арқылы төлем жасағанда, Wallet қолданбасындағы карталармен байланысты емес қосымша кейін төлеу қызметтерін көріңіз.
Әдепкі жеткізу және байланыс ақпаратыңызды өзгерту
«Реттеулер»
> «Wallet және Apple Pay» тармағына өтіңіз.
«Транзакцияның әдепкі параметрлері» астында жеткізу мекенжайыңызды, электрондық поштаңызды және телефон нөміріңізді орнатыңыз.
Рұқсатнамаларыңызды барлық басқа құрылғыларыңызда жаңа күйде сақтау
«Реттеулер» > [атыңыз] > «iCloud» тармағына өтіңіз, одан кейін «Wallet» реттеуін қосыңыз.
iPhone құлыптаулы кезде қол жеткізуге рұқсат ету
«Реттеулер» > «Face ID және құпиякод» немесе «Touch ID және құпиякод» тармағына өтіңіз, одан кейін «Wallet» реттеуін («Экран құлыптаулы кезде қол жеткізу» реттеуінің төменінде) қосыңыз.