iPhone құрылғысындағы «Музыка» қолданбасында әндерді кездейсоқ ретпен немесе қайталап ойнату
Медиатекаңыздағы барлық әнді немесе альбомды араластыруыңызға (кездейсоқ ретпен ойнатуыңызға) немесе бір плейлестті немесе альбомды кездейсоқ ретпен ойнатуыңызға болады. Сондай-ақ жекелеген әндерді, плейлисттерді немесе альбомдарды қайталап ойнатуыңызға болады.
iPhone құрылғыңызда «Музыка» қолданбасына
өтіңіз.
Ән ойнатылып жатқанда, «Қазір ойнатылуда» экранын ашу үшін Миниплеерді түртіңіз.
түймесін түртіңіз, одан кейін мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Әндеріңізді кездейсоқ ретпен ойнату:
түймесін түртіңіз. Араластыруды өшіру үшін қайтадан түртіңіз.
Бір альбомды, плейлистті немесе бүкіл кезекті қайталап ойнату:
түймесін түртіңіз.
Ескертпе: Бірнеше ән қайталап ойнатылып жатқан кезде, қанша ән қайталанатынын көруіңізге болады: жай ғана кезектің төменгі жағына жылжып барыңыз.
Бір әнді қайталап ойнату:
түймесін екі рет түртіңіз.