iPhone құрылғысында веб-сайт немесе қолданба үшін құпиясөзді өзгерту
iPhone құрылғыңызда веб-сайтқа немесе қолданбаға кіру үшін пайдаланатын құпиясөзіңізді өзгерте аласыз.

iPhone құрылғыңызда «Құпиясөздер» қолданбасына
өтіңіз.
«Барлығы» түймесін түртіңіз, одан кейін веб-сайт немесе қолданба үшін аккаунтты табыңыз.
Аккаунтты түртіңіз.
«Өңдеу» түймесін түртіңіз, «Құпиясөзді өзгерту» түймесін түртіңіз, одан кейін веб-сайтта немесе қолданбада құпиясөзіңізді өзгертіңіз.
Веб-сайт немесе қолданбалар «Apple арқылы жүйеге кіру» мүмкіндігін пайдалану үшін жаңартуыңызға мүмкіндік берсе, сол мүмкіндіктің қауіпсіздігін және қолайлылығын пайдалана аласыз. Құпиясөзіңізді өзгерту кезінде сізге жаңарту опциясы берілмесе, көптеген аккаунттар iPhone құрылғысының есте сақтауыңызды қажет етпейтін мықты құпиясөзді автоматты түрде жасауына рұқсат етеді.
Ескертпе: iPhone бұдан әрі қолжетімді емес веб-сайттың немесе қолданбаның құпиясөзі туралы ескертсе, оның аккаунтын iPhone құрылғыңыздан және iCloud кілттер жинағы функциясынан жоя аласыз. iPhone құрылғысындағы «Құпиясөздер» қолданбасына өтіңіз, «Барлығы» түймесін түртіңіз, аккаунтта солға сырғытыңыз.