iPhone құрылғысында офлайн карталарды жүктеп алу
Аймақ картасын сақтап, оны iPhone офлайн кезде пайдалануыңызға болады.
Wi-Fi немесе ұялы байланыс қызметіне қол жеткізе алмаған кезіңізде де орындар карталарындағы сағаттар мен рейтингтер сияқты ақпаратты қарай аласыз, көлік жүргізу, жаяу жүру, велосипедпен жүру немесе қоғамдық көлікпен жүру үшін қадамдық бағыттар алуыңызға және болжамды келу уақытыңызды көруіңізге болады.
Ескертпе: Офлайн карталар таңдаулы аймақтарда қолжетімді. Мүмкіндіктер ел мен аймақ бойынша әртүрлі болуы мүмкін. «Автоматты жаңартулар» параметрі әдепкі бойынша қосулы болады.

Карталарды жүктеп алу
iPhone құрылғыңызда «Карталар» қолданбасына
өтіңіз.
Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Түйреуіш маркер пайда болғанша картаны басып тұрыңыз, одан кейін «Жүктеп алу» түймесін түртіңіз.
Іздеу өрісінің жанындағы суретіңізді немесе инициалдарыңызды түртіңіз, «Офлайн карталар» түймесін түртіңіз, «Жаңа картаны жүктеп алу» түймесін түртіңіз, одан кейін іздеу өрісіне геолокацияны енгізіңіз немесе «Ағымдағы геолокация» түймесін түртіңіз.
Таңдалған аймақты реттеңіз, одан кейін «Жүктеп алу» түймесін түртіңіз.
Жүктеп алатын картаның өлшемін азайту үшін кішірек аймақты таңдаңыз.
Реттеулеріңізді өзгертпесеңіз, жүктеп алынған карталар автоматты түрде жаңартылады.
Кеңес: iPhone құрылғыңызды Apple Watch құрылғыңызбен синхрондауыңызға және жүктеп алынған карталарды өзіңізбен алып жүруіңізге болады—iPhone құрылғыңыз жақын болмаса да. Apple Watch құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығындағы Apple Watch құрылғысындағы офлан карталарды пайдалану бөлімін қараңыз.
Жүктеп алған картаңызды ашу немесе өңдеу
Офлайн кезде пайдалану үшін жүктеп алған барлық карталарыңыз офлайн карталар тізіміңізде пайда болады.
iPhone құрылғыңызда «Карталар» қолданбасына
өтіңіз.
Іздеу өрісінің жанындағы суретіңізді немесе инициалдарыңызды түртіңіз, одан кейін «Офлайн карталар» түймесін түртіңіз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Картаны ашу: Оның атауын түртіңіз.
Карта атауын өзгерту: Картада солға сырғытыңыз, одан кейін «Атау өзгерту» түймесін түртіңіз.
Карта қамтитын аймақты өзгерту: Картаның атауын түртіңіз, одан кейін карта суретіндегі «Өлшемді өзгерту» түймесін түртіңіз.
Карта деректерінің жүктеп алуларын басқару
Деректерді сақтау қажеттіліктеріңіз бен теңшелімдеріңізге байланысты картаны жүктеп алу немесе жаңарту уақыты сияқты реттеулерді өзгертуіңізге болады.
iPhone құрылғыңызда «Карталар» қолданбасына
өтіңіз.
Іздеу өрісінің жанындағы суретіңізді немесе инициалдарыңызды түртіңіз, одан кейін «Офлайн карталар» түймесін түртіңіз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Ұялы желі арқылы жүктеп алу: «Тек Wi-Fi» түймесін түртіңіз, одан кейін «Wi-Fi + ұялы байланыс» параметрін таңдау үшін түртіңіз.
Онлайн карталарды қолдану: «Тек офлайн карталарды пайдалану» реттеуін өшіріңіз.
Карталарды қолмен жаңарту: «Барлығын жаңарту» түймесін түртіңіз. (Тек бір картаны жаңарту үшін жаңартқыңыз келетін картаны түртіңіз, одан кейін «Жаңарту» түймесін түртіңіз.)
Барлық карталарды автоматты жаңарту: «Автоматты жаңартулар» параметрін қосыңыз.
Жүктеп алынған карталарды жою
iPhone құрылғыңызда сақтау орнын босату үшін жүктеп алынған карталарды жоюыңызға болады.
iPhone құрылғыңызда «Карталар» қолданбасына
өтіңіз.
Іздеу өрісінің жанындағы суретіңізді немесе инициалдарыңызды түртіңіз, одан кейін «Офлайн карталар» түймесін түртіңіз.
Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Картаны қолмен жою: Картада солға сырғытыңыз, одан кейін «Жою» түймесін түртіңіз.
Пайдаланылмайтын карталарды автоматты түрде жою: «Сақтау орнын оңтайландыру» реттеуін қосыңыз.