iPhone құрылғысында «Топтық FaceTime» қоңырауын шалу
FaceTime қолданбасында «Топтық FaceTime» қоңырауында 32 қатысушыға дейін сөйлесе аласыз (кей елдерде немесе аймақтарда бола бермейді).
«Топтық FaceTime» қоңырауын бастау
FaceTime қолданбасында экранның жоғарғы жағына жақын тұрған «Жаңа FaceTime» түймесін түртіңіз.
Жоғарыдағы енгізу өрісіне қоңырау шалғыңыз келетін адамдардың аттарын немесе нөмірлерін теріңіз.
Сондай-ақ, «Контактілер» тізімін ашу және одан адамдарды қосу үшін
түймесін түртуіңізге болады. Не болмаса, ұсынылған контактілерді түртіңіз.
Видео қоңырау шалу үшін
түймесін, ал FaceTime аудио қоңырауын шалу үшін
түймесін түртіңіз.
Әрбір қатысушы экрандағы тақтада пайда болады. Қатысушы сөйлегенде (ауызша немесе белгі тілін пайдалану арқылы) немесе тақтаны түрткен кезіңізде, сол тақта ерекшеленеді немесе көбірек байқалатын болады. Экранға сыймайтын тақталар төмендегі жолда пайда болады. Көрмейтін қатысушыңызды табу үшін жолды сырғытыңыз. (Сурет болмаса, тақтада қатысушының инициалдары көрсетілуі мүмкін.)
Ескертпе: Торда реттелген қатысушылардың суреттерін көру үшін iPhone құрылғысындағы FaceTime қолданбасында қатысушыларды тор орналасуында қарау бөлімін қараңыз.
«Топтық FaceTime» қоңырауы кезінде сөйлеп жатқан немесе ымдап жатқан адам тақтасының көбірек байқалуына жол бермеу үшін «Реттеулер» > «Қолданбалар» > «FaceTime» тармағына өтіңіз, одан кейін «Сөйлеу» реттеуін («Автоматты түрде ерекшелеу» реттеуінің төменгі жағында) өшіріңіз.
Ескертпе: Ым тілін анықтау баяндамашы үшін қолдау көрсетілетін үлгіні талап етеді. Оған қоса, баяндамашы мен қатысушылар да iOS 14, iPadOS 14, macOS 11 немесе одан кейінгі жүйесін қажет етеді.
«Топтық FaceTime» қоңырауын топтық «Хабарлар» сұхбатынан бастау
Топтық iMessage сұхбатында «Топтық FaceTime» қоңырауын «Хабарлар» қолданбасында сөйлесіп жатқан барлық адамдарыңызбен бастауыңызға болады.
iMessage сұхбатының жоғарғы оң жағындағы
түймесін түртіңіз.
Мына әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
«FaceTime аудио қоңырауы» түймесін түртіңіз.
«FaceTime видео қоңырауы» түймесін түртіңіз.
Қоңырауға басқа адамды қосу
Кез келген қатысушы FaceTime қоңырауы кезінде басқа адамды кез келген уақытта қоса алады.
FaceTime қоңырауы кезінде FaceTime басқару элементтерін көрсету үшін (олар көрінбей тұрса) экранды түртіңіз, басқару элементтерінің жоғарғы жағындағы
түймесін түртіңіз, содан кейін «Адамдарды қосу» түймесін түртіңіз.
Жоғарыдағы енгізу өрісіне қосқыңыз келетін адамның атын, Apple аккаунтын немесе телефон нөмірін теріңіз.
Не болмаса, «Контактілер» тізімінен біреуді қосу үшін
түймесін түртіңіз.
«Адамдарды қосу» түймесін түртіңіз.
«Топтық FaceTime» қоңырауына қосылу
Біреу сізді «Топтық FaceTime» қоңырауына қосылуға шақырғанда, сіз кіріс қоңырауының хабарландыруын аласыз—оған қосылуыңызға немесе оны қабылдамауыңызға болады. FaceTime қоңырауына жауап беру бөлімін қараңыз.
«Топтық FaceTime» қоңырауынан шығу
Топтық қоңыраудан кез келген уақытта шығу үшін «Шығу» түймесін түртіңіз.
Бір немесе одан көп қатысушы қалған жағдайда қоңырау белсенді болып қалады.