iPhone құрылғысында мәтінді қолданбаларда аудару
iPhone құрылғысында мәтінді «Камера», «Фотолар», Safari, «Хабарлар», «Пошта» сияқты қолданбаларда, қолдау көрсетілген үшінші тарап қолданбаларында және т.б. аударуыңызға болады.
Ескертпе: «Аудару» мүмкіндігі қолдау көрсетілетін тілдерде қолжетімді. iOS және iPadOS мүмкіндігінің қолжетімділігі веб-сайтын қараңыз.
Мәтінді қолданбаларда аудару
Safari, «Хабарлар», «Пошта» сияқты қолданбаларда, қолдау көрсетілген үшінші тарап қолданбаларында және т.б. аудару үшін кез келген мәтінді таңдауыңызға болады. iPhone құрылғыңызда мәтін енгізгенде, жазған нәрсеңізді аудармамен ауыстыруыңызға да болады.
iPhone құрылғыңызда Safari, «Хабар» немесе «Пошта» сияқты қолданбаға өтіңіз.
Аударғыңыз келетін мәтінді таңдаңыз, одан кейін «Аудару» түймесін түртіңіз.
«Аудару» түймесін көрмесеңіз, көбірек опцияларды көру үшін
түймесін түртіңіз.
Таңдаған мәтініңізді аударатын тілді түртіңіз.
Мәтін аудармасының төменгі жағында келесі параметрлердің кез келгенін таңдаңыз:
Аудармамен алмастыру: Түпнұсқа мәтініңізді аудармамен ауыстырыңыз (тек өңделетін мәтінді аудару кезінде қолжетімді).
Аударманы көшіру: Аударылған мәтінді көшіріңіз.
Таңдаулыларға қосу: Аударманы таңдаулылар тізіміне қосыңыз.
«Аудару» қолданбасында ашу: «Аудару» қолданбасында аудармамен көп әрекеттер орындаңыз.
Тілдерді жүктеп алу: Офлайн аударма үшін тілдерді жүктеп алыңыз.
Түпнұсқа мәтінді тыңдау: «Толығырақ» түймесін түртіңіз, одан кейін түпнұсқа мәтінді тыңдау үшін
түймесін түртіңіз.
Аударылған мәтінді тыңдау: Аударылған мәтінді тыңдау үшін
түймесін түртіңіз.
Фотолардағы мәтінді аудару
Қолдау көрсетілген үлгілерде мәтінді қамтитын фотоны қарағанда түймесін түртіңіз, аударатын мәтінді басып тұрыңыз, одан кейін «Аудару» түймесін түртіңіз.
«Аудару» түймесін көрмесеңіз, көбірек опцияларды көру үшін түймесін түртіңіз.
Мәтінді «Камера» қолданбасында аудару
Қолдау көрсетілген үлгілерде «Камера» қолданбасын рецепт сияқты айналаңыздағы мәтінді аудару үшін пайдалануыңызға болады.
iPhone құрылғыңызда «Камера» қолданбасына
өтіңіз.
iPhone құрылғысын мәтін экранда пайда болатындай етіп ұстаңыз.
Қызғылт сары жақтау анықталған мәтіннің айналасында пайда болған кезде
түймесін түртіңіз.
Аударғыңыз келетін мәтінді таңдаңыз, одан кейін «Аудару» түймесін түртіңіз.
«Аудару» түймесін көрмесеңіз, көбірек опцияларды көру үшін
түймесін түртіңіз.